Метка: форум

  • Тоқаев Еріктілер форумында: «Ерікті болу – жақсылық жасау және Отанға адал қызмет ету»

    Тоқаев Еріктілер форумында: «Ерікті болу – жақсылық жасау және Отанға адал қызмет ету»

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер форумына қатысушыларды құттықтап, олардың қоғамға қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме жасап.

    «Әрқайсыңызда мен шынайы патриоттарды және қоғамға бейжай қарамайтын жас азаматтарды көремін. Ерікті болу – жақсылық жасау, өзгелерге үлгі болу және Отанға қамқорлық жасау», – деді мемлекет басшысы.

    Ол 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялағанын еске салып, Қазақстанның осы бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында көтеріп, жаһандық қолдау алғанын айтты.

    Президент пандемия және су тасқыны кезіндегі еріктілердің ерлігін атап өтті, олардың әрекеттері қазақ халқының дәстүрлі ізгі жүректілігін көрсететінін айтты.

    «2020 жылы Қазақстанда 50 мың ерікті болса, бүгін олардың саны 300 мыңға жетті. Еріктілер экология, білім, мәдениет және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады», – деп қосты Тоқаев.

    Ол еріктілерге арналған цифрлық паспорт құруды қолдап, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, БҰҰ Еріктілер бағдарламасына қатысу және ТМД елдері форумын ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті.

    Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін жаңа Дорожная карта әзірлеуді тапсырды және бизнесті корпоративтік еріктілікті қолдауға шақырды.

    «Біздің жалпы мақсатымыз – Отанымыздың гүлденуі, әділетті, қауіпсіз және таза Қазақстан, заң мен тәртіптің үстемдігі. Тек күш-жігерімізді біріктіргенде ғана осы миссияны сәтті орындай аламыз», – деді Тоқаев.

  • Алматы облысында жастарға арналған «Есірткісіз өмір – мықтылардың таңдауы» форумы өтті

    Алматы облысында жастарға арналған «Есірткісіз өмір – мықтылардың таңдауы» форумы өтті

    Алматы облысының Қонаев қаласында 3 желтоқсанда жастарды салауатты өмір салтына ынталандыруға бағытталған «Есірткісіз өмір – мықтылардың таңдауы» форумы ұйымдастырылды. Шара жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға, құқықтық мәдениетті күшейтуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.

    Форумға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев, спортшылар, қоғам белсенділері, еріктілер, жастар мен танымал блогерлер қатысты. Іс-шараның модераторы — актер және блогер Марселен Камате.

    Өз сөзінде өңір басшысы жастардың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қоғамның қауіпсіз дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында облыста есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар күшейгенін айтты. Оның ішінде «Сақтан» жобасы арқылы мыңға жуық заңсыз жарнама жойылып, 35 семинар өткізілген, 600-ден астам ақпараттық материал таратылған.

    Облыстық ПД бастығы Мейрам Әбікеев өңірде синтетикалық есірткінің көлемі соңғы жылдары он есеге артқанын, биыл бес есірткі зертханасы анықталып, 10 тоннадан астам тыйым салынған зат тәркіленгенін хабарлады. Профилактикалық кеңес жастармен жүйелі кездесулер өткізіп, оқу орындары және ҮЕҰ-мен тығыз жұмыс жүргізіп келеді.

    Форум барысында нашақорлықтың алдын алуда белсенділік танытқан жастар марапатталды. Солардың арасында зиянды әдеттерге қарсы түсірілген фильмде полиция қызметкерінің рөлін сомдаған блогер Абзал Ғарифуллин бар.

    Шара аясында ІІМ Кинологиялық орталығы қызметтік-іздестіру иттерінің қойылымын көрсетті. Ал сыртқы алаңда арнайы жасақ сарбаздары қоян-қолтық ұрыс элементтері мен қылмыскерді құрықтау тәсілдерін көрсетіп, арнайы техниканы таныстырды.

    Форум жастардың есірткіге қарсы иммунитетін күшейтуге, қауіпсіз қоғам құруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде өтті.

  • Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

    Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

    Астанада дәстүрлі Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
    Форумның пленарлық отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлейді. Мемлекет басшысы цифрлық даму, жасанды интеллект және инновациялар саласындағы Қазақстанның басым бағыттарын айқындап бермек.
    Форумның құрметті қонағы ретінде Қазақстанға ресми сапармен келген Венгрия Президенті Тамаш Шуйок қатысуда.
    Форум аясында әлемдік hi-tech индустриясының жетекші өкілдері жиналды. Спикерлер қатарында:
    •Павел Дуров, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және CEO;
    •Ли Кай Фу, Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры;
    •Питер Норвиг, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы;
    •Мансур Ибрагим Әл Мансури, G42 International компаниясының бас директоры;
    •Илья Стербулаев, Стэнфорд университетінің профессоры;
    және басқа да танымал мамандар бар.
    Форумның негізгі мақсаты – жасанды интеллектті дамыту, цифрлық экономиканы күшейту және халықаралық әріптестікті тереңдету.
  • Президент блогерлерге қатысты пікір білдірді

    Президент блогерлерге қатысты пікір білдірді

    Мемлекет басшысы қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары екенін жеткізді. 

    «Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет«, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент  әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет екенін ескертті.

    «Әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек. Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді. Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру. Мәслихат депутаттарының жұмысындағы басым бағыттарға қатысты менің пайымым осындай», — деді Мемлекет басшысы.

    Еске салайық, қазір Астанада  барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумы өтіп жатыр. Шараға Мемлекет басшысы да қатысты.

  • Президент: Әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет

    Президент: Әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет

    Мемлекет басшысы қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары екенін жеткізді. 

    «Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент  әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет екенін ескертті.

    «Әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек. Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді. Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру. Мәслихат депутаттарының жұмысындағы басым бағыттарға қатысты менің пайымым осындай», — деді Мемлекет басшысы.

    Еске салайық, қазір Астанада  барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумы өтіп жатыр. Шараға Мемлекет басшысы да қатысты.

  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар форумына қатысты 

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар форумына қатысты 

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысты. 

    «Баршаңызды мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумының ашылуымен құттықтаймын!

    Шын мәнінде, бұл жиынның мән-маңызы айрықша. Депутаттар – өзекті мәселелерді ашық айта білетін, азаматтардың қоғамдағы ой-пікірін атқарушы билікке тікелей жеткізетін қауым. Бір сөзбен айтсақ, депутат болу – халықтың үні болу деген сөз. Мысалы, жаңа ғана сөз сөйлеген азаматтар өте маңызды мәселелерді көтерді. Әсет Махамбетовтің білікті маман ретінде атом энергиясы туралы пікірі өзекті. Сырымбек Сәрсембаев моно-қалаларды дамыту жөнінде жақсы ұсыныстар айтты. Ринат Заитовтың ұлттық өнерді қолдау туралы пайымдары да орынды. Депутаттар Юлия Кучинская және Евгений Буслаев та өте өзекті пікірлерін айтты.

    Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Аймақ жұртшылығының тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы қашанда мәслихат депутаттарының жіті назарында болуға тиіс. Сайлаушылардың мүддесін қорғап, ел үмітін ақтау – басты парыз. Мен мәслихаттардың қызметіне ерекше мән беремін. Жалпы, елімізде 3300-ден астам мәслихат депутаты бар. Соның 70 пайызына жуығы осы залда отыр»,- деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.