Метка: Гаити

  • Гаитиде 6 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетті

    Гаитиде 6 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетті

    Гаитиде 6 мың 300-дей адам үйлерін тастап кетті. Олардың үдере көшуіне қаруланған қылмыстық топтың Понт-Сонда қаласында 70 адамды атып өлтіруі себеп болған. Қазір босқындарға үкіметтік емес ұйым азық-түлік таратып жатыр.
    Айта кетсек, Гаити астанасы Порт-е-Пренстің 80 пайызы қылмыскерлердің бақылауында. Қарулы ұйымдар негізгі жолдарды басып алып, өзара жауласып жатқандықтан, тауар тасымалдау қиындаған. Елдің 11 млн-нан астам халқының жартысы аштыққа ұшырап жатыр. Ал жергілікті билік қылмыскерлермен күреске элиталық полицияны да жұмылдырғанын мәлімдеп отыр.

  • Гаитидің 5 млн-ға жуық халқы ашаршылыққа ұшырады

    Гаитидің 5 млн-ға жуық халқы ашаршылыққа ұшырады

    Гаитидің 11 миллиондай халқының 5 жарым миллионға жуығы ашаршылыққа ұшырап жатыр. Олар өздерін және отбасыларын қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жеткен. Мұны БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы хабарлады. Оның дерегінше, 6 мыңдай тұрғын аштықтың ең ауыр түріне душар болған. Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Гаити астанасының 80 пайызын басып алған қылмыскерлердің азық-түлік таситын жолдарды бақылауға алуы себепші. Сонымен қатар, деңгейі 30 %-ға жеткен инфляция, қуаңшылық және 2021 жылғы алапат зілзала да ел тұрмысын қатты нашарлатып жіберген.