Метка: Германия

  • Германиядағы банктік шоттарды бұзды деген күдікпен қазақстандық азамат құрықталды

    Германиядағы банктік шоттарды бұзды деген күдікпен қазақстандық азамат құрықталды

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті Германия аумағында банктік шоттарға және жеке деректерге заңсыз қол жеткізді деген күдікке ілінген Алматы облысының тұрғынын ұстады. Арнайы операция 9 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен және Германияның Федералдық қылмыстық полициясымен бірге өткізілген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    КНБ мәліметінше, күдікті компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, Германия азаматтары мен ұйымдарының қаржы деректеріне рұқсатсыз қол жеткізген. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын жүздеген мың еуроны құрайды.

    Тінту барысында тергеуге қажетті техника мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта іс бойынша сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.

    Ведомство трансұлттық киберқылмыстың өсіп отырғанын атап өтіп, шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстың күшейетінін хабарлады. Қазақстан киберқылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бағытындағы шараларды жалғастыруда.

    Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында киберполиция әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы пайдаланушыларды алдап, ақша алған 18 жастағы жас жігітті ұстаған еді.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

    ✔️Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

    ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.
  • Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    Қорғаста жүк-жолаушылар әуежайы салынады

    «SKYHANSA» Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салады

    Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен «SKYHANSA» компаниясы арасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды.

    Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді.

    Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді.