Метка: Грек-рим күресі

  • Қазақстандық балуан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды

    Қазақстандық балуан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды

    Отандасымыз Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатында күміс медальға ие болды. Бұл туралы Olympic.kz  хабарлайды.

    Азия чемпионаты Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатыр.

    Отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады.

    Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятимен өзара мықтыны анықтады. Тартысты белдесуде Әлімхан Сыздықов қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.

    Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.

  • Cпортшылардың жас санатына өзгерістер енгізілді

    Cпортшылардың жас санатына өзгерістер енгізілді

    Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді. Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс.

    Тағы бір маңызды шешім – спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрықтың өзгеруі.

    Ондағы негізгі өзгерістер:

    • Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;
    • Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;
    • Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.
    • Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.
  • Демеу Жадыраев спорттық мансабын жалғастыра ма?

    Демеу Жадыраев спорттық мансабын жалғастыра ма?

    Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев спорттық мансабы туралы әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты, деп хабарлайды Olympic.kz порталы.

    Балуан бар уақытын отбасына арнап жүргенін мәлімдеді.  «Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім. Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын. Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым», – деді Демеу Жадыраев.