Метка: ХҚКО

  • 100 миллион теңге пара: Астана, Көкшетау және Екібастұз ХҚКО басшылары тергеліп жатыр

    100 миллион теңге пара: Астана, Көкшетау және Екібастұз ХҚКО басшылары тергеліп жатыр

    Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылдың басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бірнеше ірі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады. Астана қаласында, сондай-ақ Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін жүргізу және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу кезіндегі заңсыз әрекеттердің беті ашылды, деп хабарлайды Sona.kz ҚР ҚМА-не сілтеме жасап.

    Атап айтқанда, Астанадағы Мамандандырылған ХҚКО басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алып, азаматтарға емтихан тапсыруға және куәлік алуға көмектескені үшін әшкереленді. Тергеу барысында жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын 60-тан астам қылмыстық факті құжатталған.

    Мұндай заңсыз схемалар Көкшетау және Екібастұз қалаларындағы ХҚКО филиалдарында да жұмыс істеген. Ондағы басшылар жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырып, ол үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Сонымен қатар ҰҚК Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерін де құрықтады. Олар жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алып тастау кезінде өз өкілеттіктерін теріс пайдаланып, заңсыз баюмен айналысқан.

    Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, ал өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

  • ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

    ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

    Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі қандай болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі хабарлады.

    Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді. 10 наурыз, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

    Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

    Еске салайық, Қазақстанда демалыс күндері болып 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы жарияланған.

  • Алматыда 16 мопед ресми түрде тіркелді

    Алматыда 16 мопед ресми түрде тіркелді

    Еске салайық, жақында Алматыда мопедті алғашқы тіркеу рәсімі жүргізген еді. Жас алматылық көлік құралының техникалық төлқұжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірін алды. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді.

    Көрсетілген күннен бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Осыған орай Алматы қаласындағы Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    23 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 16 мопед тіркелді. 2024 жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға түзетулер енгізілді. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып саналады және оларға барлық заң талаптары қолданылады.

  • Елімізде туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

    Елімізде туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

    2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.

    Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді.Атап айтқанда, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарланып отыр.

    Жаңа өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді. Бұл қызметке 2025 жылдың төртінші тоқсанында қол жеткізілетін болады.

    Сондай-ақ заң көмегін көрсету саласында Әділет министрлігі 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Ол «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіне талаптардың даусыз екендігі және борышты тану, борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық беру туралы растайтын құжаттарды салуды, сондай-ақ нотариустың борышкердің (жеке немесе заңды тұлға) тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауын көздейді.

    Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

  • Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркегендер сотталды

    Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркегендер сотталды

    Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркеген халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері 5 жылға сотталды. Ол ұзақ уақыт бойы жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан. Осылайша мемлекетке 448 миллион теңге шығын келтірген. Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, бұл іске қатысы бар тағы екі адам 5 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРІН ҮЙГЕ ШАҚЫРУҒА БОЛАДЫ

    ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРІН ҮЙГЕ ШАҚЫРУҒА БОЛАДЫ

    Жаңа мемлекеттік қызмет түрі пайда болды. Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйіне шақыра алады.Яғни, азаматтарға  Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Қызметкерді шақырсаңыз ол сіз белгіленген уақытта көрсетілген мекен-жайға келеді. Ол жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі және паспорт алу мен тарнспортты тіркеуден басқа барлық қызмет түрін көрсете алады. Мамандар, бұл қадамға тұрғындардың уақытын үнемдеу үшін барғанын айтады. Сондай-ақ қазір орталықта құжаттарды үйге жеткізіп беру қызметі жолға қойылған.

  • Әділет министрлігі алаяқтыққа қарсы пилоттық жобаны іске қосты 

    Әділет министрлігі алаяқтыққа қарсы пилоттық жобаны іске қосты 

    Алаяқтық әрекеттермен күресу мақсатында ҚР Әділет министрлігі 1414-тен СМС және EGov-mobile push-хабарламалар арқылы азаматтарды хабардар ету бойынша пилоттық жобаны іске қосты. 

    Бұрын нотариустар мен сот орындаушылары азаматтарды тапсырыс хат арқылы хабардар етсе, енді олар электрондық хабарламаларды сенімді байланыс арналары арқылы жібереді.

    Өткен жылы әділет органдарына нотариустар мен сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты 40 мыңнан астам шағым келіп түсті. Көптеген шағымданушылар нотариустардың атқарушылық жазбаларды шығарғаны туралы білмегенін, тек қандай да бір тыйымдар мен шектеулер салынғаннан  кейін ғана білгенін хабарлады. 

    Енді азаматтарға атқарушылық іс туралы және нотариус немесе сот орындаушысы туралы егжей-тегжейлі ақпараттар 1414-тен СМС-хабарламалар және EGov-mobile-дан push-хабарламалар арқылы уақытылы келіп отырады.