Енді қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады. Мұндай мүмкіндік келер жылдан бастап қолданысқа енеді. Яғни, қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер ететін болады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мәлім етті. Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, 2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толықтай цифрландырылады. Рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту — жаңашылдықтың басты мақсаты.
Метка: халық
-

Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды
Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды
Жыл басынан бері шаһарда 19 мыңға жуық адам респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Алматыға биыл 200 мың доза вакцина сатып алынды. Қазір қоймаға 54 мыңнан астамы жеткізілді. Қаладағы емханалар күз басталысымен күшейтілген режимге көшкен. Дәрігерлер күн сайын кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.
Тұрғындар тұмауға қарсы екпені өздері тіркелген емханадан ала алады. Ол үшін терапевт немесе кезекші дәрігерге барса жеткілікті. Екпе әуелі жүкті әйелдерге салынады. Содан соң, медицина саласының қызметкерлері, балалар мен қарттар, диспансерлік есепте тұрғандар тегін егіледі. Мамандар вирус қыстың қақ ортасында өрши түседі. Сол үшін екпені күздің басында алған дұрыс, деп кеңес береді.
«Енді не үшін егу жұмыстарын жүргізу керек? Дүниежүзінде бүкіл ғалымдар және эпидемиологтар келесі жылда қандай тұмаудың вирустары кездесетінін алдын ала болжайды. Болжап сол вирустарға қарсы егу жұмыстарын жасайды. Еккен кезде екі аптадан кейін иммунитет үзіліп бастайды. Егер адамда қандай да бір ауру белгілері болса, онда екпе егу жұмыстарын кішкене кідіртеді»,- деді
инфекционист-дәрігері
«Тамара Отағанова.Қазір мегаполисте жедел жәрдемнің 186 бригадасы жұмыс істеп тұр. Шақыртулар көбейсе, олардың санын 200-ге жеткізбек. Ал инфекциялық стационарларда 530-дан астам орын дайын. Қазір онда 60-қа жуық науқас ем қабылдап жатыр.
Тұмау суық тиюмен салыстырғанда әлдеқайда қауіпті. Асқынып кетсе, бронхит, өкпе қабынуы мен делбе дертіне ұласуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге жүгінген жөн, дейді мамандар. -

Шанхайда дауыл: 400 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді
Қытайдың Шанхай қаласында «Бебинка» атты дүлей дауыл көтерілді. Мұндай қатты жел 75 жылда болмаған. Осыған байланысты қаланың 25 миллион тұрғынына үйде отыру туралы кеңес берілді. Сақтық шарасы ретінде 400 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мұндай сұрапыл дауылға шанхайлықтар 1949 жылдан бері алғаш рет куә болып отыр. Тайфун кезінде желдің жылдамдығы сағатына 151 шақырымға жеткен. Қаладағы басты екі әуежайда 600 мыңдай ұшақ рейсі тоқтатылды. Пойыз қатынасы да доғарылып, тас жолдар жабылған. Қала ішінде көлік жылдамдығын сағатына 40 шақырымнан асыруға тыйым салынды. Кемелерге де портқа оралу туралы бұйрық берілген. Ойын-сауық және демалыс саябақтары жабылды.
-

Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл көрерменнің қауіпсіздігі мен жол кептелісін болдырмау мақсатында қабылданған шара. Арнайы транспорт Салтанат Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті және Бас мешіттің жанынан сағат 17:00-ден бастап қатынайды. Ол үшін концерт билетін көрсету қажет. Ал кеш өтетін жерге жеке көлікпен кіруге тыйым салынған. Айта кетейік, бүгін Астана аренада әншінің концерті өтеді.
-

20 жастан әскерге: петицияға қол жинап жатыр
Қазақстандықтар әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петицияға қол жинап жатыр. Бастамашы топ, азаматтарды армияға 18 жастан емес, 20 жастан бастап қабылдауды сұрайды. Бұдан әскери қызметтің тиімділігі артып, қорғаныс жүйесінде оң өзгерістер болады делінген құжатта. Яғни, оқу оқып, оң солын ажырата білген кезде, әскерге барғандардың ел алдындағы жауапкершілігі артады дегенді алға тартады. Сондай-ақ, бұл казармадағы әлімжеттік мәселесін де шешпек. Сонымен бірге, петицияда Швеция, Германия, және Австрия елдерінде әскерге шақыру жасы 19-20 жастан басталатыны жазылған. Бұл бастаманы қолдайтындар да, бұдан әскердегі бассыздық тыйылмайды дейтіндер де бар.
E-Petition сайтында https://epetition.kz/petition/ee8de9f5-fcb7-4eb7-bb37-b73a50b42be2?petitionDetailTab=SIGNERS&commentPage=0 «Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын көтеру туралы» жаңа петиция жарияланды. Қазір петиция 50 дауыс жинап, модерациядан өтіп жатыр.
