Метка: Халыққа қызмет көрсету орталығы

  • ХҚО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    ХҚО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лардың 2025 жылғы қаңтардағы жұмыс кестесі туралы мәлімдеді.

    Жаңа жылды мерекелеуге байланысты ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 1-3 қаңтар аралығында жұмыс істемейді. Сенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекшілері жұмыс істейді.

    Дегенмен 4 қаңтар, сенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекшілері үшін жұмыс күні болып саналады. Қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

    5 және 6 қаңтарда еліміздің барлық орталығы әдеттегідей жұмыс істейтін болады. Қазақстанда 7 қаңтарда православиелік Рождество мерекесі атап өтілетіндіктен, бұл күн ХҚО мен арнайы ХҚО үшін демалыс күні болып саналады.

    Мемлекеттік корпорация жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтынын еске салды. Кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

    Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекші мекенжайларының тізімі Instagram-дағы ресми парақшада қолжетімді, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша да білуге болады.