Метка: Хромтау

  • Хромтауда дәмханада газ жарылды: зардап шеккендер бар

    Хромтауда дәмханада газ жарылды: зардап шеккендер бар

    19 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау қаласында қоғамдық тамақтану орнында газ жарылысы болды, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, дәмханада орнатылған газ жабдығы жарылған. Соның салдарынан ғимараттың бір бөлігі опырылып, жарылыстың күшімен жақын маңдағы тұрғын үйлердің терезелері сынған.

    Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Барлығы әртүрлі дәрежедегі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бір зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, қалғандарының жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

    Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп, газ жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізілуде.

    Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде таралып жатыр

  • Хромтау әкімі пара алу күдігімен қамауға алынды

    Хромтау әкімі пара алу күдігімен қамауға алынды

    СҚО Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
    11 қарашада сот шешімімен ол екі айға қамауға алынды. Тергеу деректеріне сәйкес, іс бойынша толық ақпарат пен пара берген тұлғаның аты-жөні әзірге жария етілмеген.

    40 жастағы Шабықбаев Қостанай облысының Қамысты ауылында туған. Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығы бойынша тәмамдаған.
    2008 жылдан бері Актөбе облысының Әйтекеби аудандық ХҚКО-да, кейін Хромтау әкімі аппаратында жұмыс істеген. 2023 жылдың қыркүйегінен бері қаланы басқарды.

    Шабықбаев әлеуметтік желілерде белсенді болып, қаланы дамыту, абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсарту бағытында қоғамдық шараларға жиі қатысып келген.