Метка: Игорь Лепеха

  • Қаскелеңде соттан қашқан күдікті әлі ұсталған жоқ

    Қаскелеңде соттан қашқан күдікті әлі ұсталған жоқ

    Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха зорлау дерегі бойынша ұсталған күдіктінің Қаскелең қаласындағы аудандық сот залынан қашып кетуі оқиғасына қатысты түсінік берді.

    – Күдіктінің қашып кетуі бойынша іс қозғалды, әлі іздестіріп жатырмыз, – деді И.Лепеха.

    Оның айтуынша, жұмысына селқос қараған ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды.

    Бұдан бұрын хабарданғандай, адам зорлады деген күдікпен ұсталған айыпталушы Қаскелең қаласындағы аудандық сот залынан қашып кетті.

    Желіде Алматы облысындағы автожолдарда полиция қызметкерлерінің тексеріс жүргізіп жатқан бейнежазбалары тарады.

    Қамауға алынған күдіктінің қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданды. Сонымен қатар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеру тағайындалғаны хабарланды.

  • Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды

    Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды

    Мәжіліс депутаттары мен «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшелері Ішкі істер министрлігін қоғамды адастыратын резонансты ақпараттарға жедел назар аударуды өтінді.

    Атап айтсақ, көліктерді бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салынады деген ақпараттар қоғамды алаңдатып отыр. Депутат Нартай Сәрсенғалиев атап өткендей, жалпы еліміздің солтүстік өңірлерінде көлікті жылытуға бес минут уақыт аздық етеді, ал егер көлікті қыздырмай жүргізсе, бұл жүргізушілерге қосымша қаржылық жүктеме туғызады.

    Ал Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха көлікті 5 минуттан артық қыздыруға шектеу жоқ екенін атап өтті.

    «Автокөлікті 5 минуттан артық қыздыруға шектеу жоқ. Елді мекендерде тұрғындарға қолайсыздық туғызған жағдайда механикалық көлік құралдарымен оталдырған қалпы тоқтап тұруға тыйым салынады. Тек арыз түскен жағдайда ғана бұл норма бойынша жауапқа тартамыз. Былтыр осындай үш жағдай тіркеліп, оның бірі прокуратура тарапынан жойылды. Яғни, біз көлік қыздырған адамды жауапқа тартпаймыз», – деді вице-министр.

    Ал депутат Бақытжан Базарбек көлікті қыздыру үшін айыппұл төңірегіндегі шу мемлекеттік органдардың немқұрайлылығы екенін тілге тиек етті.

     

  • ІІМ Хасан Қасымбековке қатысты пікір білдірді

    ІІМ Хасан Қасымбековке қатысты пікір білдірді

    Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха құқық қорғау органдарында ұйымдасқан қылмыстық топтардың тізімі бар екенін растап, Хасан Қасымбаевқа қатысты пікір білдірді.

    Еске сала кетейік, күні кеше Хасан Қасымбаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Осы орайда журналистер Игорь Лепёхадан қазақстандықтардың аузында жүрген «Хуторлықтар» тобы туралы сұрады. Бұған дейін ІІМ мұндай қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарған еді.

    «Бір қылмыстық топ жойылса, жаңалары пайда болады, біз оларды есепке аламыз. Бұл тұрақты жұмыс қой. Алайда, қазір 90-жылдардағыдай қылмыстың өршуі мен ұйымдасқан топтар бар деп айтуға болмайды», – деді Лепёха.

    Ол Хасан Қасымбаевқа қатысты істің егжей-тегжейіне әлі толық үңілмегенін, себебі бұл тергеу ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының құзыретінде екенін айтты.

    «Барлық мәселелер қылмыстық іс аясында анықталады. Әзірге біздің қызметкерлердің қатысы бар деген күдік жоқ. Барлық әрекеттер прокуратураның бақылауында. Жаңадан ашылған мәліметтерге сәйкес ол жауапкершілікке тартылады», – деп қорытындылады Лепёха.
    Оның айтуынша, қызметкерлердің барлық іс жүргізу әрекеттері прокуратураның бақылауында және әр кезең қадағалауда.

  • Тергеу изоляторынан қашқан күдікті: Өз ісіне салғырт қарағаны үшін кім жазаланады?

    Тергеу изоляторынан қашқан күдікті: Өз ісіне салғырт қарағаны үшін кім жазаланады?

    Бұл мәселеге қатысты журналистердің сұрағына Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха пікірін білдірді.

    Айта кету керек, Талғарда уақытша ұстау изоляторынан зорлау қылмысы бойынша күдіктінің қашып кеткеніне қатысты өз ісіне салғырт қараған қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

    Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха қазірдің өзінде кінәлілерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын айтты.

    «Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Күдіктіні іздеуді жалғастырамыз. Барлық шара қолданылады. Барлығы жазаланады, өз ісіне жауапкершілікпен қарамағандар үстінен іс қозғалды, біз кінәлілерді жауапқа тартамыз», – деді Игорь Лепеха.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)