Метка: Іле ауданы

  • Қайыржан Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды

    Қайыржан Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды

    ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.
    Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді:

    Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті,
    Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы,
    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары,
    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы,
    Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары,
    Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары,
    Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

  • 9 сынып оқушысы «PATRIOT» төсбелгісімен марапатталды

    9 сынып оқушысы «PATRIOT» төсбелгісімен марапатталды

    Жазда, яғни 4 маусым күні Іле ауданында тұрғын үйден өрт шыққан еді. Сол кезде Іле ауданы №39 гимназиясының 9 сынып оқушысы Камитбек Ихсан өртке оранған үйден 63 жастағы қарт кісімен 12 жастағы немересін аман алып шығып, құтқарып қалды. Оған осы ерлігі үшін «PATRIOT» төсбелгісімен марапаттап, Алматы облысы білім басқармасы басшысының атынан ноутбук сыйға тартылды.

  • Алматы әкімдігі Досаевтың көмекшісі ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

    Алматы әкімдігі Досаевтың көмекшісі ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

    Желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.

    «Осыған байланысты Алматы әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — деп жазды әкімдік.

  • Бағдат Қарасаев 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Бағдат Қарасаев 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Алматы облысындағы Іле ауданының әкімі  Бағдат Қарасаевтың не себепті ұсталғанына облыстың прокуратурасы түсінік берді.  Қадағалау органының мәліметінше, аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылды.

    «Алматы облысының прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеруді аяқтады.2024 жылғы 3 қыркүйектегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әкім Б.А. Қарасаев сыбайлас жемқорлық қызметіне күдік бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарының тәртібінде ұсталды. Аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», — деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

    2024 жылдың 4 қыркүйегінде прокуратура бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.

     Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Б.Қарасаевтың ұсталғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.