Метка: Ильхам Әлиев

  • Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ экипажына «Ұлт батыры» атағы берілді

    Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ экипажына «Ұлт батыры» атағы берілді

    Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Embraer-190 жолаушылар ұшағының апаты кезінде жоғары кәсібилік пен батылдық танытқан азаматтарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. 

    Caliber.az ақпараты бойынша, Баку-Грозный рейсінде орын алған қайғылы оқиға ел тарихында батырлық пен бірліктің көрінісі ретінде есте қалмақ.

    Әзірбайжан басшысының жарлығына сәйкес, Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және Хёкюма Алиеваға «Ұлт батыры» атағы қайтыс болғаннан кейін берілді. Бұл атақ елдің ең жоғары мемлекеттік марапаты болып табылады және ерекше ерліктер мен жанқиярлық әрекеттер үшін беріледі.

    Сонымен бірге, Зульфугар Асадов пен Айдан Рагимли «Рашадат» орденінің бірінші дәрежесімен марапатталды. Бұл марапат азаматтардың қызметі мен ерлігін мойындаудың жоғары деңгейі ретінде танылды.

  • Путин Әлиевтен ұшақ апатына байланысты кешірім сұрады

    Путин Әлиевтен ұшақ апатына байланысты кешірім сұрады

    Креммльдің мәлімдеуінше, Ресей тарапының бастамасымен Владимир Путин мен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті.

    Владимир Путин қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

    Қоңырау барысында Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәселелер талқыланды.

    «Кесте бойынша Әзірбайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенді. Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік пилотсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған, ал ресейлік әуе қорғанысы бұл шабуылдарға тойтарыс берді», — деп хабарлады Ресей СІМ.

    Ресейдің Тергеу комитеті ҚК 263-бабы (Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынуда.

    Әзірбайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда жүргені, олар Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

  • Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды

    Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды

    25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсанда Әзірбайжанда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Аzertag агенттігі.

    Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев тиісті жарлыққа қол қойды.

    Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат орнынан 4 адамның мәйіті табылды, 7 адам ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Әзірге 28 адам аман қалғаны айтылды.

  • Әзербайжан президенті ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

    Әзербайжан президенті ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

    «Әзербайжан әуе жолдары» компаниясына тиесілі Баку-Грозный бағытында ұшқан жолаушылар ұшағының апаты салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», – делінген хабарламада.