Метка: Ильияс Сариев

  • Алматыда блогер Ілияс Сәриевке 26 алаяқтық эпизод бойынша айып тағылды

    Алматыда блогер Ілияс Сәриевке 26 алаяқтық эпизод бойынша айып тағылды

    Алматыда «Елге көмек» қорының жетекшісі әрі өзін «Қазақ Робин Гуды» деп таныстырған блогер Ілияс Сәриев пен оның сыбайласы Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу дерегінше, айыпталушылар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қайырымдылық көмектің атын жамылып, азаматтардың қаржысын иемденген. Қылмыстық істе барлығы 26 эпизод бар.

    Бір жағдайда шетелде ем қабылдау үшін 35 млн теңге іздеген әйел блогерден көмек сұраған. Сәриев қаражат жинау үшін 1,5 млн теңге талап етіп, оның бір бөлігін алған.

    Сонымен қатар, айыпталушылар қажылық сапарына элиталық жағдайдағы бөлмелермен небәрі 500–600 мың теңгеге жолдама ұсынған. Нәтижесінде бір әйел 1 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды.

  • «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ильяс Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ильяс Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Ақпаратты Алматы қаласының полициясы растады.

    «Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

    Сәриев әлеуметтік желілерде өзін «Қазақтың Робин Гуды» деп атайды. Instagram парақшасында 600 мыңнан астам жазылушысы бар. Ал қордың парақшасына шамамен 400 мың адам тіркелген. Қор балалар мен қарттарға көмек көрсету үшін қаражат жинаумен айналысқан.