Метка: Илон Маск

  • Илон Масктың Grok чат-боты ChatGPT мен Gemini-ден сенімдірек деп танылды

    Илон Масктың Grok чат-боты ChatGPT мен Gemini-ден сенімдірек деп танылды

    Илон Масктың xAI компаниясы әзірлеген Grok чат-боты сенімділік көрсеткіштері бойынша ChatGPT және Google-дың Gemini моделінен жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап  хабарлайды.

    Relum аналитикалық агрегаторы дайындаған есепке сәйкес, Grok жалған жауаптар деңгейі бойынша ең төмен көрсеткішке ие болған. Зерттеу барысында он негізгі жасанды интеллект моделінің жұмысы бағаланған, Grok-та бұл көрсеткіш небәрі 8 пайызды құраған.

    Салыстыру үшін айтар болсақ, ChatGPT жалған жауаптар бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті  35 пайыз. Ал Google-дың Gemini моделінде бұл көрсеткіш 38 пайызға жеткен.

    Зерттеу аясында чат-боттар жалған срабатываниелердің жиілігі, пайдаланушылардың бағасы, жауаптардың тұрақтылығы және сервистердің істен шығу жиілігі сияқты көрсеткіштер бойынша бағаланған. Осы деректер негізінде әр модельге 0-ден 99-ға дейінгі сенімділік тәуекелі балы берілген, мұнда жоғары балл сервистегі мәселелердің көп екенін көрсетеді.

    Қорытынды нәтижелер бойынша Grok-тың тәуекел балы 6-ны құрады, бұл зерттеудегі ең үздік көрсеткіштердің бірі. Екінші орынға DeepSeek шық. Оның тәуекел көрсеткіші 4 және сервистің істен шығу уақыты тіркелмеген.

    Ал ChatGPT-ге жауаптардағы «галлюцинациялар» мен жиі істен шығулар салдарынан ең жоғары тәуекел балы 99 берілген. Одан кейін Claude және Meta AI чат-боттары орналасып, олардың сенімділік көрсеткіштері тиісінше 75 және 70 балды құраған.

  • Маск 2026 жылдың соңында Марсқа адам тәрізді робот ұшатынын жариялады

    Маск 2026 жылдың соңында Марсқа адам тәрізді робот ұшатынын жариялады

    Миллиардер адам тәрізді Optimus роботы бар Starship «қызыл планетаға» ұшатынын айтты, деп хабарлайды X әлеуметтік желісі. 

    Tesla және SpaceX негізін қалаушысының айтуынша, егер роботтың ұшырылуы сәтті болса, онда адамдары бар ғарыш кемелері 2029 жылы Марсқа жөнелтіледі, дегенмен бұл 2031 жылы болуы мүмкін.

    Optimus – Tesla жасаған робот прототипі. Илон Масктың жоспары бойынша олардың биыл шектеулі санмен шығару керек.

    Бұл күнделікті мәселелерді ғана емес, сонымен қатар қауіпті тапсырмаларды шешуге көмектесетін үйдегі гуманоидты робот. Болжалды бағасы: 30 мың доллар.

    Өткен жылдың күзінде миллиардер алдағы екі жылда бес ұшқышсыз Starship ғарыш кемесі ұшырылатынын хабарлады. Оның айтуынша, егер миссия сәтті орындалса, төрт жыл ішінде басқарылатын ұшулар мүмкін болады.

  • АҚШ TikTok-ты Oracle компаниясына беруі мүмкін

    АҚШ TikTok-ты Oracle компаниясына беруі мүмкін

    Бұл туралы NPR сайтыхабарлаған. Ықтимал инвесторлар арасында Microsoft да бар. Егер бұл жүзеге асса, TikTok акцияларының бақылау пакеті америкалық екі компанияға өтеді.

    Басылымның дереккөздері дегенмен TikTok-қа иелік ететін қытайлық ByteDance компаниясы миноритарлық үлесін сақтап қалатынын айтты. Бұл ретте қосымшаның алгоритмдері, дерек жинау және бағдарламалық жаңартулары Oracle бақылауына өтпек.

    2024 жылдың көктемінде АҚШ-тың өкілдер палатасы TikTok ByteDance иелігінде қалатын болса, оған тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдаған. Конгресс аталған қосымшаны ұлттық қауіпсіздікке қатер деп қарастырады, өйткені Қытай үкіметі ByteDance-ті америкалық пайдаланушылардың деректерін беруге мәжбүрлеуі мүмкін деп санайды.

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден заңға былтыр сәуірде қол қойды, ал биыл қаңтарда Дональд Трамптың инаугурациясына бірнеше күн қалғанда АҚШ Жоғарғы соты заңды бекітті. Құжат 19 қаңтарда күшіне енді.

    20 қаңтарда, инаугурация күні Трамп бас прокурорға заңның орындалуын 75 күнге кейінге қалдыру туралы бұйрық шығарды. Осы уақыт ішінде президент әкімшілігі TikTok-ты бұғаттамай, ұлттық қауіпсіздікті қорғайтын жаңа тәсілді әзірлеп үлгеруі керек.

    Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қытай билігі TikTok бақылауын америкалық миллиардер Илон Маскқа беруді қарастырған, бірақ қосымша өкілдері бұдан үзілді-кесілді бас тартқан.

  • Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

    Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

    Дональд Трамп кәсіпкерлер Илон Маск пен Вивек Рамасвамиге үкіметте жаңа тиімділік департаментін бірлесіп басқаруды ұсынды.

    – Бұл екі керемет америкалық азамат бірге менің әкімшілігіме үкіметтік бюрократияны жоюға, артық реттеуді азайтуға, ысырапшылдықты азайтып, федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады. Бұл Американы құтқару қозғалысының маңызды шарты», – деді Трамп мәлімдемесінде.

    BBC мәліметтері бойынша, жаңа Департаменттің аббревиатурасы – DOGE-Маск насихаттайтын Dogecoin криптовалюта атауына сілтеме жасайды. Жаңа құрылым қандай формада болатыны әлі белгісіз. Трамптың мәлімдемесінде ол кең ауқымды құрылымдық реформалар жүргізу үшін Ақ үймен және бюджет басқармасымен ынтымақтасатыны айтылады. Маск пен Рамасвами бұл жұмысты 2026 жылдың шілдесіне дейін істейтіні белгілі.

    Еске сала кетейік, Илон Маск Дональд Трампты сайлау науқанында белсенді қолдады. Трамп оған сайланған жағдайда ресми лауазым беруге уәде берген.

  • Маск Трампты қолдау комитетіне кемінде 75 млн доллар бөлді

    Маск Трампты қолдау комитетіне кемінде 75 млн доллар бөлді

  • Илон Масктың «Super Heavy» зымыран тасығышы сәтті қонды

    Илон Масктың «Super Heavy» зымыран тасығышы сәтті қонды

    SpaceX компаниясының инженерлері алғаш рет «Super Heavy» зымыран тасығышын кеңістіктен ұстап алып, тұғырына қайта қондырды, деп хабарлайды BBC.

    Илон Масктың компаниясы «Starship» зымыранын бесінші рет сынақтан өткізіп, осы нәтижеге жетті. Әдетте зымырандар әуеге жіберілгенннен кейін, айлаққа қайта қонбай, мұхитқа барып құлайтын еді.

    Бұл жолғы «Starship-тің» үдеткіші 33 қозғалтқышпен жабдықталған, яғни ең қуатты ракета болды. Оның күші 74 меганьютонға тең. Инженерлер болашақта зымыранды ұшақ секілді тек отынын ауыстырып, бірнеше рет қолдануға болатындай етіп жетілдіргісі келеді.

    Илон Масктың Starship бағдарламасының түпкі мақсаты – Марс планетасына адам қоныстандыру. Бұл бағдарлама Масктың тағы бір жобасы – жер жүзінің түкпір-түкпіріне спутниктер арқылы ғаламтор орнататын «Starlink-тің» дамуына серпін береді.