Метка: Инфекция

  • Солтүстік Қазақстанда екі адам шошқа тұмауын жұқтырды

    Солтүстік Қазақстанда екі адам шошқа тұмауын жұқтырды

    Еліміздің солтүстігінде екі адамнан шошқа тұмауы анықталды. Инфекция жұқтырғандардың бірі мектеп оқушысы болса, екіншісі – әскери қызметкер.

    “Шошқа тұмауын жұқтырған екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмаған. Қазір олар ем қабылдап жатыр”, – деді дәрігерлер.

    Бұл инфекция үй құстары мен шошқадан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады. «АШ1ЭН1» вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады. Науқасты құрғақ жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі. Дәрігерлер аталған белгілер байқалған болса бірден емханаға жүгінуге кеңес береді.

  • МИНИСТРЛІК МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ  ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

    МИНИСТРЛІК МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

    Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінен қорғанудың жолдарын ұсынды. Эндемиялық елдерге баратын туристер инфекциядан сақтану үшін осы талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

    Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға жоламау керек. Вирусты маймыл, егеуқұйрық, тиіндер мен басқада жабайы жануарлар тасымалдауы мүмкін.
    — Жануарлармен жұмыс істеу кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану керек. Яғни, оларға күтім жасау кезінде, зертханалық жағдайда қорғаныш киімдерін, қолғаптар мен маскаларды қолдану маңызды.
    — Гигиенаны қатаң сақтау қажет. Қолды сабынмен жиі жуу керек.
    — Дезинфекциялық құралдарды қолдану ұсынылады. Себебі, бұл зат инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
    — Маймыл шешегінің белгілері: дене бөртеді, қызу көтеріледі, бойда әлсіздік пайда болады, бас аурырады. Мұндай жағдайда жедел дәрігерге қаралу керек.

    Еске салайық, маймыл шешегі бірнеше ай бұрын Конго Демократиялық Республикасында өршіп, 500-ден астам адамның өмірін қиды. Жалпы алғанда, жұқпалы инфекция әлемнің 116 еліне тараған.

    «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті аурудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
    Осы инфекцияны Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды. Қазақстанның санитариялық-карантиндік пункттерінде (әуежай, теміржол, теңіз, автомобиль өту жолдары) аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау (әкелудің алдын алу) жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты бақылауға алып отыр», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.