Метка: Instagram

  • Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге кіру жасын шектеу ұсынылды

    Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге кіру жасын шектеу ұсынылды

    Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасы қаралды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
    Депутат Асхат Аймағамбетов балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген балалар 5–6 жастан бастап TikTok немесе Instagram-да өз бетінше аккаунт ашып жүр — ата-анасының рұқсатынсыз және ешқандай растаусыз.

    Аймағамбетов басқа елдердің тәжірибесін мысалға келтірді. Мәселен, Дания мен Австралияда тек 15–16 жастан бастап тіркелуге болады, ал АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда — тек ата-ананың келісімімен және жеке тұлғаны тексеру арқылы.

    Сонымен қатар депутат мектептерде смартфон қолдануға қатысты мәселені де қозғады. Оның айтуынша, еліміздегі кейбір алдыңғы қатарлы мектептерде телефонға тыйым салу оң нәтиже беріп отыр — балалар өзара көп сөйлесіп, үлгерім жақсарған.

    Өз кезегінде жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Цифрлық кодексте телефондарға тыйым қарастырылмағанын айтты. Дегенмен министрлік балалар мен ата-аналар арасында цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған шараларды жалғастырады.

  • Instagram Қазақстанның сұлулығын бүкіл әлемге көрсетті

    Instagram Қазақстанның сұлулығын бүкіл әлемге көрсетті

    Instagram-ның ресми аккаунты «Қазақстанның даласында ойнап жүрміз» деген жазумен бейнеролик жариялады.

    Бейне авторы – қазақстандық видеограф Дастан Мұхамедрахим. Кадрларда – кең дала, жасыл алқаптар мен тау көріністері кинематографиялық стильде түсірілген. https://www.instagram.com/reel/DQm3tP1kZgW/?igsh=MTFjNjgxbzNqOXFyaw==

    Роликті 36,5 миллионнан астам адам көріп, 37,8 мыңнан аса пікір қалдырған.
    Айта кетейік, Instagram-ның ресми парақшасында 696 миллионнан астам жазылушы бар, сондықтан бұл видео Қазақстан табиғатының ғажайып жарнамасына айналды.

  • Instagram желісіне қазақша әндер оралды

    Instagram желісіне қазақша әндер оралды

    Желі қолданушылары 9 сәуір күні Instagram желісіне қазақша әндер оралғанын байқады.

    Қараша айының соңында қазақ авторлар қоғамы мен Meta арасындағы келісімшарт бұзылған еді. Соның нәтижесінде, Meta корпорациясының сервистерінде отандық орындаушылардың композициясын пайдалану мүмкіндігі жойылды. Бірінші болып дабыл қаққан – туындыларын «таппай» қалған әншілердің өзі.   

    18 наурызда Instagram мен Facebook-тегі қазақстандық музыкаларды қайтару жұмыстары әлі жүріп жатқаны туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов хабарлаған.

    Ал 9 сәуір күні жоғалған әндер қайта оралды.

  • WhatsApp пен Instagram-ды Meta-дан бөлу талап етілді

    WhatsApp пен Instagram-ды Meta-дан бөлу талап етілді

    Вашингтон округтік сотының судьясы Meta-ны монополияға қарсы айыптау бойынша АҚШ Федералдық сауда комиссиясына (FTC) келуге міндетті деп шешкен.

    FTC компанияны Instagram және WhatsApp-ты сатып алу арқылы әлеуметтік медиа нарығына үстемдік етті деп айыптайды. Агенттік бұл екі қызметті Meta корпорациясынан бөлуді талап етеді, деп жазды The Verge.

    Meta-ға қарсы талап арыз 2020 жылы қозғалған. Онда компания Instagram мен WhatsApp-ты бәсекелестікті тұншықтыру үшін сатып алды деген болжам бар. Бастапқыда талапты қанағаттандырудан бас тартқаннан кейін FTC 2021 жылы өзгертілген шағым түсіріп, судья Джеймс Боасберг оны қанағаттандырды, — деп хабарлады басылым.

    Сәуір айында Meta соттан FTC-тің талап арызын тоқтатуды сұрады, бірақ Боасберг негізінен FTC пайдасына шешім қабылдады.

    The Verge басылымына берген түсініктемесінде Meta өкілі Кристофер Сгро сот процесі Instagram және WhatsApp-ты сатып алудың тұтынушылар үшін пайдалылығын дәлелдейтініне сенім білдірді.

    Монополияға қарсы сот ісі президент Дональд Трамптың әкімшілігі тұсында қозғалғанына қарамастан, журналистер АҚШ-тың қайта сайланған басшысының жанжалды одан әрі ушықтыра түспесіне сенімді. Оның жаңа әкімшілігі IT нарығындағы бірігулер мен сатып алуларға жұмсақтық танытады деп күтіп отыр.

    Еске сала кетсек, Metaverse-ті іске қосқаннан кейін Марк Цукербергтің байлығы 6 есе артып, 201 миллиард долларға жеткен болатын.