Метка: интернет-алаяқ

  • Free Fire ойыны: Полиция алаяқты әшкереледі

    Free Fire ойыны: Полиция алаяқты әшкереледі

    Түркістан облысының полицейлері танымал Free Fire мобильді ойыны арқылы жасалған интернет-алаяқтық дерегін анықтады. Тергеу амалдары жергілікті тұрғынның банк шотынан 380 мың теңге заңсыз шешілгені туралы арызынан кейін басталды.

    Белгілі болғандай, жәбірленушінің жасөспірім туысы ойын барысында бейтаныс адаммен хат алмасқан. Қылмыскер балаға түрлі ойын бонустары мен «ұтыстарды» уәде етіп, алдау жолымен банк картасының мәліметтері мен SMS-кодты сұрап алған. Қосымшаға қол жеткізген алаяқ қаржыны өз шотына аударып жіберген.

    Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде киберпол қызметкерлері күдікті ретінде Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғынын анықтады. Ұстау кезінде одан қылмыстық мақсатта пайдаланылған бес ұялы телефон тәркіленді. Күдіктінің 60-тан астам жасөспіріммен байланысқа шығып, оның 20-дан астамын алдап үлгергені белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

  • Tinder-дегі «Нурай» 4 миллион теңгеге алдаған

    Tinder-дегі «Нурай» 4 миллион теңгеге алдаған

    Астана қаласында интернет-алаяқтық жасаған 20 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ол Tinder қосымшасында «Нурай» есімімен тіркеліп, Telegram желісіндегі жалған аккаунтына сілтеме орналастырған, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

    Қалалық прокуратураның мәліметінше, мессенджерде күдікті бейтаныс қыздың суреттерін пайдаланып, жалған парақша ашып, жәбірленушімен хат алмасқан. Әңгіме барысында түрлі сылтаулар айтып, жеке кездесуге уәде бере отырып, ақша аударуды сұраған.

    Алаяқтықты сезбеген жәбірленуші үш айға жетпейтін уақыт ішінде 4 миллион теңгеден астам қаражатты күдіктіге аударған.

    Сот айыпталушыны ақпараттық жүйені пайдалана отырып, ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды.

    Сот жаза тағайындау кезінде айыпталушының кінәсін толық мойындауын, келтірілген материалдық шығынды өз еркімен өтеуін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын, пробациялық бақылау белгілеу арқылы тағайындады.

    Прокуратура өкілдері интернеттегі таныстықтарға сақтықпен қарауға шақырып, онлайн кеңістікте шамадан тыс сенімнің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

  • Қосшыда интернет-алаяқтықтың 7 фактісі анықталды

    Қосшыда интернет-алаяқтықтың 7 фактісі анықталды

    Қосшы қаласының прокуратурасы онлайн-платформаларда жалған хабарландырулар орналастыру арқылы жасалған интернет-алаяқтықтың жеті фактісін анықтады. Тергеу мәліметінше, «Б» азаматы автокөлік бөлшектерін жедел жеткізумен сатамыз деп жарнама жасап, ақшаны алғаннан кейін сатып алушылармен байланысын үзген, деп хабарлайды Sona.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

    Алаяқтық әрекеттерінен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары зардап шеккен. Прокуратураның үйлестіруімен күдікті ұсталып, оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағы бойынша  қайталанып жасалған алаяқтық ретінде сараланды.

    Тексеру барысында күдіктінің қылмысқа казинода ұтылған ақшадан туған қарыздары салдарынан барғаны анықталған. Ведомство онлайн-алаяқтықтың жиілеп кеткенін атап өтіп, азаматтарды қаржылық операциялар кезінде барынша сақ болуға шақырады.

    Прокуратура тұрғындарға интернеттегі кез келген ұсынысты мұқият тексеруді, белгісіз тұлғаларға ақша жібермеуді және тек сенімді сервистерді пайдалануды ұсынады. Сондай-ақ төлем түбіртектері мен хат алмасуларды сақтау маңызды деп ескертеді.

  • Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталды – Ержан Сәденов

    Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталды – Ержан Сәденов

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берілді.

    Президентке елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғаны баяндалды.

    Соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Сонымен қатар тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен. Ержан Сәденов қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты.

    2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған. Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Министрдің айтуынша, соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталды, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеді, 64 есірткі зертханасы жойылды. Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталды. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленді. Алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеді.

  • Интернет-алаяқтар бір ғана облыстан 550 млн теңге қағып алды

    Интернет-алаяқтар бір ғана облыстан 550 млн теңге қағып алды

    Ақмола облысының тұрғындары 550 миллион теңгесінен айырылды. Алаяқтардың көбі онлайн жалған хабарлама беріп алдаса, кейбірі құзырлы органдар мен банк қызметкерлерінің атын жамылып, тұрғындардың жеке деректерін ұрлаған. Өңірде мұндай қылмыстарды ашу көрсеткіші де өте төмен. Мәселен, жыл басынан бері қозғалған істердің тек 16 пайызы ғана ашылды.

    «Белгісіз нөмірден телефоныма қоңырау түсті. Дауыс иесі өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, менің атыма несие рәсімделіп жатқанын айтты. Мен байқаусызда алданып, сеніп қалдым. Жіберген барлық кодты тердім. Бір ай өткен соң, менің атыма 1,5 млн теңге көлемінде несие рәсімделгенін білдім», – дейді қала тұрғыны.

    Өңірдегі полиция алаяқтардың қылмыстың ізін жасыру үшін жалған нөмірлер мен арнайы қосымшаларды пайдаланатынын мәлімдеді. Олар есепшоттағы қаржыны криптовалютаға немесе басқа адамдардың атына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырады екен.

  • Алматы тұрғындары алаяқтарға 12 миллиард теңгеден астам ақша берген

    Алматы тұрғындары алаяқтарға 12 миллиард теңгеден астам ақша берген

    Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров қалалық қоғамдық кеңесте 2024 жылдан бері мегаполисте 6 мыңнан астам алаяқтық тіркелгенін айтты.  Салдарынан тұрғындарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

    Сонымен бірге, Алматы полициясының басшысы атап өткендей, қабылданған шаралар интернет-алаяқтықты 14,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

    «Зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізуде. Бұл, ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ, алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағалануда», – деді, Арыстанғани Заппаров.

    Спикердің айтуынша, қаладағы сауда орталықтары мен супермаркеттерде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша плакаттар ілініп, қаланың орталық көшелеріндегі электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертпе бейнероликтер көрсетілуде.

  • Алматы полициясы интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды

    Алматы полициясы интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды

    Алматы полициясының мәліметінше, алаяқтар көбінесе келесі қылмыстық тізбектерді пайдаланады:

    – банктік қауіпсіздік қызметінің қоңырауы: алаяқтар сіздің шотыңыздағы күдікті транзакциялар туралы хабарлайды және шоттарды қорғау үшін шотыңыздан аударымдар жасау керек деп сендіреді.

    – Ұлттық қауіпсіздік комитетінен және басқа да құқық қорғау органдарынан қоңырау шалу: алаяқтар қауіпті алаяқты ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізіліп жатқанын хабарлайды және сіздің шотыңыздағы қаражаттың жоғалуына әкелетін әрекеттерді жасауға көндіреді.

    – Ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу: алаяқтар өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріміз деп таныстырып, СИМ-картаңыздың мерзімі аяқталуға жақын деп хабарлайды. Келісімшартты жаңарту үшін олар сізді телефоныңызға жіберілетін СМС-кодтарын айтуды сұрайды.

    – брокерлердің қоңырауы: алаяқтар айына 50 пайыздан астам кірістілікпен криптовалютаға, алтынға, акцияларға пайдалы инвестиция жасауды ұсынады. Инвестицияны алғаннан кейін қаскөйлер құрбанды барлық әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұғаттайды.

    – жоқ өнімді немесе қызметті сату: алаяқтар әлеуметтік желілерде және интернет-платформаларда өнімді немесе қызметті сату туралы жарнаманы орналастырады. Төлемді алғаннан кейін олар жоғалады.

    – басшыдан келетін хабарлама: алаяқтар мемлекеттік органдардың немесе жеке ұйымдардың жоғары лауазымды басшыларының атынан Whatsapp мессенджерінде аккаунт ашып, оның ашық дереккөздерден алынған суретін өздерінің аватарына салып, сосын қол астындағыларға түрлі сылтаулармен жедел түрде үшінші адамдардың әртүрлі шоттарына ақша қаражатын жіберу қажеттігі туралы жазады. Барлық жағдайда Алматы полициясы әңгімені дереу тоқтатып, бұл деректі банкке және аумақтық құқық қорғау органдарына хабарлауды қатаң түрде ұсынады.

  • Алматыда қылмыстық жабдықтары бар кеңсе табылды

    Алматыда қылмыстық жабдықтары бар кеңсе табылды

    Алматыда пәтерлердің бірінен АТС (Автоматты телефон станциясы) табылды, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Павлодардан келген 30 жастағы тұрғын ұсталды, оның жалға алынған кеңсесінен SIM-картаға арналған 512 слоты бар SIM-box жабдығы, сондай-ақ 1620 SIM-карта табылып, тәркіленді.

    «Тәркіленген заттар арқылы интернет-алаяқтар әртүрлі интернет қызметтер мен мессенджерлерді жасырын пайдаланады. Сонымен қатар ол аккаунтарды тіркеуге қолданылады, алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға қоңырау шала алады. Ұсталған азамат осы жабдықты орнату және қосу, сондай-ақ слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын жұмысқа келіскенін айтты. Күдіктінің сөздері ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мұқият тексерілетін болады», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

    ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.