Метка: ИНВЕСТИЦИЯ

  • WhatsApp-тағы «инвестиция»: БҚО тұрғыны 1,5 млн теңгеге жуық қаражатынан айырылды

    WhatsApp-тағы «инвестиция»: БҚО тұрғыны 1,5 млн теңгеге жуық қаражатынан айырылды

    Батыс Қазақстан облысында «инвестициялық жобаға» ақша саламын деп алданған әйел 1 472 000 теңгесінен айырылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алаяқ өз құрбанын WhatsApp мессенджері арқылы тапқан.
    Алаяқтық схемасы:
    Сенімге кіру: Күдікті алдымен жәбірленушінің сеніміне кіріп, содан кейін табысты компанияға инвестиция салуды ұсынған.
    Жалған топ: Мессенджерде биржалық сауда туралы топ құрылып, онда жоғары пайда туралы жарнамалар жарияланып отырған.
    Шығын: Салынған қаражат 50% табыспен қайтады деген уәдеге сенген әйел ірі көлемде ақша аударған.
    Тергеу барысы:
    Қазіргі уақытта күдіктінің екі алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Ол өз кінәсін мойындап, тиісті айғақтар жиналды. Алайда ұрланған қаражат әлі қайтарылған жоқ. Полиция өкілдері азаматтарды тез арада табыс табу туралы ұсыныстарға сақ болуға және кез келген аударым жасамас бұрын компания туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.

  • Былтыр Қонаев қаласына тартылған инвестиция көлемі 103,1 млрд теңгені құрады

    Былтыр Қонаев қаласына тартылған инвестиция көлемі 103,1 млрд теңгені құрады

    Қонаев қаласының 2024 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері белгілі болды.

    1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 142,0 млрд теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 88,3 млрд теңге түсім түсті.

    2. Қаланың өнеркәсіп орындары 80,5 млрд теңгеге өнім өндірді.

    3. Негізгі капиталға 103,1 млрд теңге инвестиция тартылды.

    4. Қала және ауылдық округтер аумағында 6 599 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны – 16930 адам. ШОБ субъектілері 324,4 млрд теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті.

    5. Бөлшек сауда айналымы 40,2 млрд. теңгені құрады.

    6. Жұмысқа орналасуға көмек сұрап, өтініш білдірген азаматтардың саны – 2 911 адам, оның 1 295-і жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту көрсеткіші 44,5%-ды құрады. Жыл соңына қарай 484 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

    7. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 26,5 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 100,0%-ды құрады. Ірі қара мал бас саны – 8,0% , жылқы бас саны – 47,2 %, ет өндіру – 0,9 %, сүт өнімділігі – 3,8%, жұмыртқа шығымы 3,4% өсті. 2024 жылы 8050,4 гектар егістік алқабы игерілді: дәнді дақылдар – 3073,8 га, майлы дақылдар – 533,0 га, көкөністер – 927,7 га, жем-шөп – 2030,5 га, көпжылдық өсімдіктер – 744,1 га, картоп және бақша дақылдары – 623,8 га.

    8. 2024 жылы туу көрсеткіші – 17,6%, табиғи өсім – 905 адам. Ана өлімі тіркелмеді.

    9. Құрылыс жұмыстарының көлемі 22,9 млрд. теңге болды.

    10. Құқық қорғау саласында 469 қылмыс тіркеліп, 2023 жылмен салыстырғанда 18%-ға азайды (2023 ж. –551). Қылмысты ашу көрсеткіші – 77,6%.

    Жалпы қаладағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық шаралар атқарылуда.

  • Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестиция салуға шақырды

    Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестиция салуға шақырды

    Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды.

    «Екі ел арасындағы өзара инвестициялар көлемі орнықты түрде артып келеді. Соңғы 20 жылда ресейлік инвесторлар 25,2 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. Ал қазақстандық компаниялар осы кезеңде Ресей экономикасына 8,7 млрд доллар инвестиция бағыттады. Өткен жылдың 9 айында ғана ресейлік инвестициялардың жалпы ағыны 43,7% өсіп, 2 2,8 млрд доллар болды», – деді Үкімет басшысы.

    Оның айтуынша, Қазақстанда 23 мыңнан астам Ресейдің үлесі бар компания жұмыс істейді. «Бұл шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың 40%-ына жуық. Жалпы, біз жаңа өндірістер құруға мүдделіміз. Ресейлік компанияларға Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды ұсынамыз.

    Біз экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыруда оң нәтижелер көріп отырмыз. Осы тұрғыда біздің жауапты мемлекеттік органдарымыз келесі жылдарға арналған жаңартылған бағдарламаны әзірлеуге кірісуі орынды болып көрінеді», – деді Олжас Бектенов.

     

  • Инвестиция: Қонаевта 36 жоба жүзеге аспақ

    Инвестиция: Қонаевта 36 жоба жүзеге аспақ

    Биыл Қонаевта 100,2 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қазір бұл жоспардың 45 пайыздан астамы орындалды. 

    Жалпы алдағы 6 жылда құны 2305,8 млрд теңгені құрайтын 36 инвестжобаны жүзеге асыру көзделуде. Қазірдің өзінде 21 жоба бойынша жұмыстар басталған. Олардың қатарында кірпіш зауытын, медициналық нысан, қонақ үй кешендерін, сүт-тауарлы фермасын салу секілді түрлі бағыттағы жобалар бар.

    Мысалы, «Оспанова Девелопмент» ЖШС 2023 жылдың қарашасында жалпы қуаттылығы 10 мың тоннаны құрайтын балық өндірісінің құрылысын аяқтады. Жалпы инвестиция көлемі 67 млрд теңге, 500 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Қала әкімдігі тарапынан 27 га жер телімі берілді. Кешеннің 1 блогын іске қосу кезінде 12 млрд теңге инвестиция тартылды, 100 жұмыс орны ашылған.

    Келесі инвестжоба – алманы өңдеп, сірке қышқылын, алманың қалдығынан малға жем-шөп өндіруге бағытталған өнеркәсіп. Қазір бұл кішігірім зауыт жекеменшіктегі ғимаратты жалға алып отыр. Тартылған инвестиция көлемі 932 млн теңгені құрайды. Цехті үлкейту де жоспарланған.

    Сондай-ақ қалада 2 дана «Compass» жанар-жағармай бекетін салу көзделуде. Ол үшін қала әкімінің тиісті қаулысымен әрқайсына 0,5 гектардан жер берілген, мемлекеттік акт алынған. Енді инвесторлар нысанның жобалық құжаттарын дайындауда.

    Әкімдік өкілдері әлеуетті инвесторлармен үнемі кездесіп, келіссөздер жүргізуде. Алматы облысының орталығы әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бұл мақсаттағы жұмыстар ары қарай да жалғасады.

    Айта кетейік, былтыр Қонаев қаласына 88,7 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 143,7%-ды құрады.

  • Қонаевта туризм қалай дамуда?

    Қонаевта туризм қалай дамуда?

    Қонаев қаласы – туристік әлеуеті жоғары қала. Оған дәлел – қазір шаһар аумағында 2 ірі инвестжоба жүзеге асуда, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі.

    Жобаның бірі – 8-жағажайды «Аттракциондар паркіне» айналдыру болса, 2-шісі «Арена АСП» көпфункционалды туристік, спорттық-ойын сауық кешенінің құрылысы жүруде.

    Биылғы шомылу маусымында Қапшағай су қоймасының жағажайларына демалуға 1,5 млн адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 мыңға көп.

    Сондай-ақ 2024 жылдың жазында 5 жағажайды абаттандыру жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Аталған аймақ халыққа тегін қызмет көрсетті.

    Одан бөлек, жеке инвесторлар жағажайдың 1 шақырымын абаттандырып жатыр. Жалпы 5 шақырым жағажайды демалушыларға ыңғайлы, қолайлы, заманауи етіп жасау жоспарлануда. Ал солтүстік жағалаудың жер учаскелері түгенделіп, картасы әзірленді. Ол төңіректі дамыту үшін де бірқатар шаралар қолға алынбақ.

    Сонымен қатар, Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы жер телімдері түгенделіп, аумақты одан әрі дамыту үшін арнайы жол картасы дайындалғанын айта кеткен жөн. Мұның аясында инфрақұрылымды жақсартуға, рекреациялық аймақтарды дамытуға және қосымша инвестиция тартуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

    Қаланың жаңа Бас жоспарына сәйкес, аумағы 19 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл өз кезегінде туристік нысандардың көбейіп, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай тудырып отыр.

  • Қатар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды

    Қатар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды

    Қатарлық инвесторлар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды. Бүгін Сенатта тиісті заң жобасы мақұлданды.  Құжат екі елдің телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия және басқа да салалардағы бірлескен жобаларын іске асыруға, сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақты нығайтуға арналған. Жалпы, 9 ауқымды жоба жүзеге асырылады. Соның арасында «Bereke Bank» АҚ-ның 100% акцияларын сату да қарастырылған. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 14 мың, ал іске қосылған соң 3 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Тиісінше, Қатар инвесторларына салықтық жеңілідктер берілмек.

     

  • Арабтар Қазақстанның су шаруашылығын қалпына келтіреді

    Арабтар Қазақстанның су шаруашылығын қалпына келтіреді

    Арабтар Қазақстанның су шаруашылығын қалпына келтіреді. Бүгін Астанада алғашқы келісім-шартқа қол қойылды. Еліміздің драйвері саналатын ауылшаруашылық саласында жаңадан су қоймалары саналады. Тоз-тозы шыққан суару жүйелері жөнделеді. Бастапқы жұмыс, тасқыннан зардап шеккен өңірлер мен қуаңшылық көрген оңтүстік жақтан басталады.

    «Еліміздің бүкіл су жүйесі қалпына келтіріледі. Су тасқындарымен күресуге, суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға, елімізде жаңа су резерваттары пайда болады. Каналдар қазылады, су қоймалары салынады. Бұл жұмыс биыл басталады. Қазан айының басында тиісті несиелік жобаға қол қоямыз», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі  Нұрлан Байбазаров.

    Жалпы Араб үйлестіру тобына Қазақстан тарапы 250 жоба ұсынып отыр. Бұл жобалар түрлі саланы қамтиды. Оның  жалпы құны 10 млрд доллар.

     «Ислам даму банкі Қазақстанның су шаруашылығындағы инфрақұрылымды жаңғыртып ғана қоймайды. Сонымен қатар, Қазақстанның жолдарын да қалпына келтіреді. Бұл да өте үлкен жобаның бірі. 9 өңірдің жолдарын жөндейтін боламыз», — деді «ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ» ЕЛ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ АНАССИ АЙССАМИ.