Метка: Ішімдік

  • Қостанай облысында 8 ауыл ішімдіктен бас тартты

    Қостанай облысында 8 ауыл ішімдіктен бас тартты

    Қостанай облысында 8 ауылы арақ-шараптан бас тартқаны анықталды. Бұл бастама өңірде 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасының бір бөлігі болды.

    Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин есеп беру кездесуінде өткен жылы барлық қылмыстардың шамамен 27%-ы масаң күйде жасалғанын атап өтті. Бұл маскүнемдер, қоғамдық тәртіпті бұзушылар және отбасылық жанжал шығарушылар сияқты қауіпті топтарға полицияның бақылауын күшейтуге үлкен себеп болды. Бұған жауап ретінде үйде де алкогольді ішуге тыйым салатын 4 мыңға жуық сот шешімі шығарылды.

    2024 жылы облыс аумағында тұрғындары алкогольден бас тартқан 6 елді мекен (Милісай, Сарысу, Әбдіғапар ,Крамское , Отынағаш , Көктал ауылдары) бар.

    Бұл ауылдарда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық немесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген жоқ.

    Биыл Ұзынкөл ауданындағы тағы екі ауыл – Абай мен Уқатқан «ішпейтін» ауылдар қатарына кірді.

    Жобаның маңызды аспектілерінің бірі-жұртшылықты тарту. Қалалар мен ауылдық елді мекендерде қоғамдық комиссиялар белсенді жұмыс істейді, олардың құрамына жергілікті билік, діни көшбасшылар мен ақсақалдар кіреді.

  • Шығыс Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартты

    Шығыс Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартты

    Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты Жалғызтал ауылының тұрғындары ішімдік ішуден толықтай бас тартты.

    150 тұрғыны бар 30 үйден тұратын елді мекен ресми түрде «ішімдіксіз ауыл» мәртебесін алды.

    «Бұл бастама қылмыстың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шаралардың бір бөлігі. Жергілікті тұрғындар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтап, қоғамдағы қауіпсіздікті нығайту үшін саналы түрде ішімдіктен бас тартты», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соңғы үш жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полицейлер құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйінде жасалатынын атап өтіп, Жалғызтал тұрғындарының бастамасын қолдайтынын айтты.

    Жалғызтал – облыста алкогольден ресми түрде бас тартқан алтыншы ауыл. Жергілікті халық бұл шешімді тыныш әрі салауатты өмірге жасалған маңызды қадам деп есептейді және олардың бастамасы басқа қазақстандықтарға үлгі болады деп сенеді.

  • Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына дейін арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген сұраққа қатысты пәтуа жариялады. ҚМДБ өкілдеріне сенсек, шын тәубе етсе, Рамазан айынан бұрын арақ ішкен адамның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай қабыл болады.

    «Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады», – деп жазған мүфтият бұған қатысты Құран аяттарын мысалға келтірген.

    «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім арақ ішетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады» делінген», – деп жазған мүфтият.

    Ал, Рамазан айының қарсаңында ішімдік ішудің үкімі туралы жазған мүфтият «ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды» деген пәтуа шығарып отыр.

  • Ішімдік ішіп жолаушы тасымалдаған 11 автобус жүргізушісі ұсталды

    Ішімдік ішіп жолаушы тасымалдаған 11 автобус жүргізушісі ұсталды

    Жұртшылықтың жағасын ұстатқан жаңалықтан кейін тұрғындар енді автобусқа мінуге үрейленіп отыр.

    19 қаңтарда Тараз қалалық патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған автобус жүргізушісін тоқтатады. Тексеру барысында 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шығып тұрады. Полиция қызметкерлері жүргізушінің мас болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жібереді. Ал медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын растады. Бүгінде жиналған материалдар сотқа жіберіліп, автобус арнайы айып тұрағына қойылды.

    Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

    Жалпы Жамбыл облысында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілердің 853 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 11 жүргізуші автобусты мас күйінде басқарған. Барлығы 69 жолаушы көлігі айып тұрағына қойылды.

  • Қазақстан «ішкіштер» елі ме?

    Қазақстан «ішкіштер» елі ме?

    Әрбір отбасы орташа есеппен 5,5 мың теңгесін алкогольдік сусындарға жұмсайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1% көп екен.

    Energyprom мәліметтеріне сүйенсек, алкогольге ең көп ақша жұмсайтын аймақтар арасында Шығыс Қазақстан облысы көш басында екен. Өңір тұрғындары 9,5 мың теңге жұмсаған, бұл жыл басымен салыстырғанда 14,8% артық. Үштікке Павлодар облысы мен Алматы кіреді.

    Әлемдік контексте Қазақстан жан басына шаққанда алкоголь тұтыну бойынша 100-орында. Яғни, жылына 5 литр. Бұл тізімде Латвия, Молдова және Германия алдыңғы қатарда, онда көрсеткіш жылына 13 литрге дейін жетеді.

    Бір қызығы, Қытай алкоголь өндірісінен түскен кірістер бойынша көшбасшы болып отыр (336 миллиард АҚШ доллары). Бірақ адам басына шаққанда алкоголь тұтыну бойынша 87-орында, яғни жылына 6 литр.