Метка: іздеу

  • OrdaMed компаниясының басшысына іздеу жарияланды

    OrdaMed компаниясының басшысына іздеу жарияланды

    Бұған дейін КНБ тексерісі кезінде көптеген заңбұзушылықтар мен ірі көлемдегі залал анықталған, деп хабарлайды Sona.kz.

    OrdaMed компаниясының басшысы іздеуге жарияланды. Бұл бастама Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан көтерілді.

    Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті компания қызметіне тексеру жүргізген. Ведомство мәліметінше, тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, көп миллиондық залал келтірілген.

    Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат ресми дереккөздерден күтіледі.

  • Шымкент тұрғынының өліміне қатысты 5 адамға іздеу жарияланды

    Шымкент тұрғынының өліміне қатысты 5 адамға іздеу жарияланды

    Шымкентте ер адамның өлімі дерегі бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sona.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, аталған қылмысқа қатысы болуы мүмкін бес күдіктіге іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта оларды анықтау және ұстау бағытында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

    Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

  • Айгүл Сайлыбаева ісі бойынша күдіктілер іздестірілуде

    Айгүл Сайлыбаева ісі бойынша күдіктілер іздестірілуде

    Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовты халықаралық іздеуге жариялады. Ресми деректерге сәйкес, іздеу ісі Талдықорғанда тіркелген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Айгүл Сайлыбаева  Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы судьясы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2024 жылғы 4 маусымда Германияның Бенсхайм қаласында жоғалып кеткен. Сол күні ол қызын балабақшаға апарып, кейін байланысқа шықпай қалған. Сағат шамамен 14:30-да баланы әжесі  Наталья Донцова  алып кеткен, ол да байланыссыз қалған.

    Бірнеше аптадан кейін Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхаймның шет аймағынан табылды. Тергеу мәліметінше, денеден зорлық белгілері мойын, бет және қол аймақтарындағы пышақ жарақаттары анықталған. Мәйіт полиэтилен қаптан табылған.

    Қазіргі уақытта қазақстандық және халықаралық құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіру мен істі тергеп-тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

  • Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу жарияланды

    Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу жарияланды

    Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны туралы хабарлама құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ресми сайтында жарияланды.

     Арғын Нығматулинге бүгін іздеу салынды.

    «Туған күні: 28.06.1955, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 «Астана өңірде тіркелді. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», – делінген сайтта.

    Арғын Нығматулин қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының негізін қалаушылардың бірі ретінде аталады. 2018 жылы директор қызметінен кеткеннен кейін ол клубтың кеңесшісі болып қалды.

  • Қазақстан іздеу жариялаған банк директорының бұрынғы орынбасары Түркияда ұсталды

    Қазақстан іздеу жариялаған банк директорының бұрынғы орынбасары Түркияда ұсталды

    Белгілі болғандай, ол 2009 жылы Ақтау қаласындағы банктердің бірінде директор орынбасары қызметін атқарғанда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың доллар мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.

    «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

    Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазір қамауда отыр.

  • Үш жасар баланы алтыншы күн іздеп жатыр

    Үш жасар баланы алтыншы күн іздеп жатыр

    Жетісу облысының Көксу ауылында 3 жасар баланы 400-ден астам адам алтыншы күн іздеп жатыр. Бүлдіршін 6 қыркүйек күні үйінің ауласында ойнап жүріп, күндізгі ондар шамасында жоғалып кеткен. Баланы іздеу жұмыстарына полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері, ұлттық гвардия ұландары, ауыл тұрғындары мен еріктілер жұмылдырылған. Олар ауыл ішін, маңайын, елді-мекен жанынан өтетін Мұқаншы өзенін, шұңқырлар мен тоғайлардың арасын  шолып шыққанымен  нәтиже жоқ.