Метка: Камаз

  • Алматыда BMW жүргізушісі КАМАЗ-дың дөңгелегін тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды

    Алматыда BMW жүргізушісі КАМАЗ-дың дөңгелегін тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды

    Sona.kz Instagram желісіндегі dimashblog парақшасына сілтеме жасап хабарлайды, Алматы қаласында BMW автокөлігінің жүргізушісі жүріп бара жатқан КАМАЗ-дың дөңгелегінің жолын бөгеп, адамдардың өмірін құтқарды.

    Оқиға орнынан бейнежазбаны куәгер жариялаған. Видеода КАМАЗ-дан бөлініп кеткен дөңгелек көше бойымен төмен қарай домалап келе жатқаны көрінеді. Автордың айтуынша, дөңгелек адамды қағып кетуі мүмкін еді, алайда BMW көлігінің иесі жолды өз көлігімен әдейі жапқан.

    Куәгер ер адамның есімі Сергей екенін айтып, оған алғыс білдіріп, «тағы 100 осындай көлік иесі болсын» деп әзілмен тілек айтқан.

    Оқиға нақты қай жерде және қандай жағдайда болғаны белгісіз. Полиция әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

  • Алматыда жүк көлігі 7 жастағы қызды қағып кетті

    Алматыда жүк көлігі 7 жастағы қызды қағып кетті

    Алматыда жүк көлігі 7 жасар қыз баланы қағып кетіп, салдарынан бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында Бурундайская мен Новая көшелерінің қиылысында сағат 12:17-де болған.

    Қайтыс болған қыз сол сәтте жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Алайда жүк көлігі уақытында тоқтамай, оны қағып кеткен.

    Ауыр жарақат алған бүлдіршін оқиға орнында жан тапсырған.

    Жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаға қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.