Метка: Кәсіби мереке

  • Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

    Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады. Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

    «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:

    – 28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;

    – шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;

    – тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;

    – қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;

    – 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;

    – қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;

    – 10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;

    – 13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.

    Бұдан басқа Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілуіне байланысты, аталған мерекелер қайталануды болдырмау мақсатында осы тізбеден алып тасталуы жоспарланып отыр.

    Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.