Метка: Кәсіпкерлер

  • Жеңілдетілген режимге тыйым: кәсіпкерлерді үлкен өзгеріс күтіп тұр

    Жеңілдетілген режимге тыйым: кәсіпкерлерді үлкен өзгеріс күтіп тұр

    Қазақстанда 2026 жылдан бастап арнайы салық режимі – жеңілдетілген декларацияны қолдануға рұқсат етілетін немесе тыйым салынатын қызмет түрлерінің жаңа тізімі дайындалып жатыр. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Амриннің айтуынша, құжат 26 қыркүйекте legalacts.egov.kz порталында және министрліктің ресми сайтында жариялануы мүмкін. Кез келген азамат жобаға пікір қалдырып, ұсыныс енгізе алады.

    «Жұма күні құжатты жариялауға тырысамыз. Ресми баспасөз хабарламасы болады. “Ашық НҚА” порталында кәсіпкерлер өз ескертпелерін жазып, тізімді сұрата алады. Жарияланым ертең немесе келесі аптаның басында болады», – деді вице-министр 25 қыркүйекте Сенат кулуарында.

    Ол нақты қай қызмет түрлері рұқсат етілетін немесе тыйым салынатын тізімге кіретінін айтқан жоқ, тек жарияланымды күтуге кеңес берді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылдан бастап кейбір бизнес салалары «жеңілдетілг

  • Тараздық кәсіпкерлер «Айша бибі» кесенесінің жерін заңсыз иемденіп алған

    Тараздық кәсіпкерлер «Айша бибі» кесенесінің жерін заңсыз иемденіп алған

    Жоғарғы сот мәліметінше, «ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі Жамбыл облысының бес тұрғынының үстінен жерді пайдаланудағы кедергілерді жою туралы сотқа талап қоюмен жүгінген. Музей-қорықтың иелігінде «Айша-Бибі» кесенесі бар, оған 2 гектар жер учаскесі тұрақты жер пайдалану құқығы берілген.

    Бұл аймақ әкімнің шешімі және жер пайдалану құқығы туралы актісі бойынша сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады. Бұл жерде бірнеше техникалық бөлмелер салынған.

    Алайда бес кәсіпкер бұл ғимараттарды заңсыз иемденіп, қазір оларда коммерциялық қызметпен айналысуда. Музей-қорық сотқа жүгініп, кәсіпкерлерді өздері тұрып жатқан ғимараттарды босатуды талап еткен, өйткені жауапкерлерде сауда жасауға рұқсаттары, сондай-ақ бұл үй-жайларды кәсіпкерлік үшін пайдалану құқығы мен құжаттары жоқ.

    Сондай-ақ талап қоюшы «ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында сауда жасауға тыйым салынғанын атап өткен.

    Төрт кәсіпкер талап қоюды мойындамаған, кәсіпкерлердің бірі даулы ғимараттарды 2010 жылы өз қаражатына салып, кейін оларға сауда жасау үшін тегін бергенін мәлімдеген. Бесінші кәсіпкер де талап қоюды мойындаған.

    Жамбыл аудандық соты кәсіпкерлер қорық-музейге тиесілі ғимараттарды заңсыз иемденген деген қорытындыға келді. Талап қою қанағаттандырылды: сот кәсіпкерлерге заңсыз иеленген үй-жайды босатуды міндеттеді.

    Жауапкерлер бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағым түсірген. Алайда, Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енді.

  • Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

    Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

    2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнестің шығынын төлеу үшін үкімет резервінен 12,1 млрд теңге теңге бөлінді.

    Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1 қазандағы мәліметке сай, шағын және орта бизнестен жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 764 өтініш түскен.

    «630 өтініш бойынша шамамен 12 млрд теңге сомаға оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтініш иесіне ақша аударылды», -деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

    Дереккөзге сүйенсек, өтініштердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан түскен.  Батыс Қазақстан облысынан 87 өтініш, Қостанай облысынан 68 өтініш, Ақтөбе облысынан 51 өтініш, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтініш қабылданған.