Метка: кәсіпқой бокс

  • WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

    WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

    Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) міндетті қарсылас белгіледі.

    WBO ұйымының ресми хабарламасына сәйкес, Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын ұлыбританиялық боксшы Хамза Ширазға (21-0,17КО) қарсы қорғауы керек.

    WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Қос тарапқа жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізу үшін 15 күн берілді. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген.

    Айта кетейік, отандасымыз жұма күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. Алайда, Михайловичтің командасы тек IBF титулы үшін жұдырықтасатынын алға тартып, бокс кешінде WBO титулы сарапқа салынбады.
    Сондай-ақ, WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық атағын сақтап қалу үшін 5 күн уақыт берді.

  • Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. (21-1, 13 КО)

    Осылайша отандасымыз орта салмақтың екі чемпиондық (WBO, IBF) титулын қорғады.

    Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:

    «Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апталар салып, араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», — деп жазды Әлімханұлы.

    Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр.