Метка: Казгидромет

  • Ауа райына байланысты 12 облыста ескерту жарияланды

    Ауа райына байланысты 12 облыста ескерту жарияланды

    «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, Астанаға түнде және таңертең тұман түседі.

    Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысына түнде және таңертең тұман түседі.

    Ақмола облысының батысы мен оңтүстігіне тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында және шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

    Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігіне түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысына түнде және таңертең тұман түседі.

    Қарағанды облысының батысына, солтүстігіне, шығысына түнде және таңертең тұман түседі.

    Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысына тұман түседі.

    Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде – 15-20 м/с.

    Түнде және таңертең батысқа, Маңғыстау облысының орталығына тұман түседі.

    Павлодар облысының солтүстігіне түнде тұман түседі. Таңертең оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

    Солтүстік Қазақстан облысына тұман түсіп, көктайғақ болады.

    Түркістан облысының батысында және солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарына тұман түседі. Солтүстікте күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың таулы аудандарында – 15-20 м/с.

    Күндіз солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында кей жерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығысқа, облыс орталығына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

  • Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, 24 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысында нөсер жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

    «Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман және көктайғақ күтіледі, температура режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.

  • Қазгидромет: Тұман түсіп, көктайғақ болады

    Қазгидромет: Тұман түсіп, көктайғақ болады

    Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады.

    Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

    Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі. Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болатыны болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Көкшетау қаласында да тұман болады.

    Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында да тұман түседі деп күтіледі.

    Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады.

    Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

    Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

    Абай облысында батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

    Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

    Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қонаев қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

  • Еліміздің оңтүстік өңірлерінде үсік жүреді

    Еліміздің оңтүстік өңірлерінде үсік жүреді

    «Қазгидромет» РМК мамандары ертең, 17 қазанда елдің бірнеше өңіріндегі ауа райына байланысты ескерту жасады.

    Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

    Алматы облысының оңтүстігіне, тау етегіндегі, таулы аудандарына тұман түседі.

    Алматыда 17 қазанда түнде тұман.

    Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде -1-6 градус үсік сақталады.

    Түркістан облысының солтүстігіне, батысына, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында -3 градус үсік жүреді.

    Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі, түнде -1-3 градус үсік болады.

    Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

    Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

    Батыс Қазақстан облысының батысына, солтүстігіне тұман түседі.

    Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігіне тұман.

  • Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады

    Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады

    «Қазгидромет» РМК ел аумағында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

    Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр түрінде, кейде қатты жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.

    Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

    «Павлодар облысында, батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

  • Қазақстанның кейбір өңірлерінде үсік жүреді

    Қазақстанның кейбір өңірлерінде үсік жүреді

    «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылдың 10-12 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялады.  Мекеменің айтуынша, қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығына дайын болуы керек. Циклон елімізге жауын-шашын әкеліп, желді күшейтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
    Метеорологтар 10 қазаннан бастап батысқа, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігіне циклон қатты әсер ететінін баса айтты.

    «Жаңбыр жауып, қар жауады. Сондай-ақ дауылды жел секундына 15-29 метрге дейін күшейіп, қар мен көктайғақ болады деп күтілуде».
    «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
    Республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, таулы аймақтарда тұман түседі.

    Аптаның соңына қарай ауа температурасы төмендейді деп болжануда:

    батыста күндіз 5-13 градусқа дейін,
    оңтүстігінде — 20 градус Цельсий,
    Қазақстанның солтүстігінде 1-5 градус аязға дейін,
    оңтүстікте — 2 жылу,
    республиканың орталығында және шығысында – 5-13 градус,
    республиканың оңтүстігінде 7-12 градус жылы.
    Бұған дейін мамандар Қазақстанның үш ірі қаласында 2024 жылдың 9, 10 және 11 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олар Шымкентте ең ыстық болатынын түсіндірді. Онда ауа температурасы 29 градусқа дейін жылыйды. Алматыда 25 градус ыстық күтілуде.

  • Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

    Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

    Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Астанада жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 09 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Павлодар облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

  • Қазақстанда күн суытады

    Қазақстанда күн суытады

    «Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның басында антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

    Содан кейін еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймағына Мәскеу аудандарынан келетін циклон әсер етеді. Ол елімізге найзағай мен жаңбыр әкеледі.

    9-10 қазанда батыста қатты жаңбырдың жауады деп болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік өңірлерде тұман түседі.

    Күндіз батыста ауа температурасы 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендеуі болжанады, ал қалған өңірлерде күрт өзгеріс болмайды.