
Метка: Казино
-

Австралиядағы казиноны алдап, 1,18 млн доллар ұрлады деп айыпталған қазақстандық жұп
Тергеу мәліметінше, олар Crown казиносында жасырын камера мен арнайы құрылғыларды пайдаланып, 1,18 млн доллардан астам қаржы ұтып алған, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.Дильноза Исраилова мен Алишерыхожа Исраилов Австралия полициясының нұсқасы бойынша жасырын техниканы қолдану арқылы ірі ұтыстарға қол жеткізген.
фото : коллаж SONA.KZ Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының мәліметінше, казино қызметкерлері 36 жастағы әйелдің Микки Маус бейнесі бар футболкасына бекітілген шағын камераны байқап қалған. Одан кейін Дильноза мен 44 жастағы жұбайы казино аумағында қамауға алынған.Тергеу деректеріне қарағанда, ерлі-зайыптылар:•магниттік датчиктерді,•батареяларды,•бейне түсіруге арналған арнайы құрылғысы бар мобильді телефонды,•ойын кезінде нұсқаулық алу үшін жасырын орналастырылған құлаққаптарды қолданған. -

Маңғыстаудағы компьютерлік залда құмар ойыны ұйымдастырылған
Компьютерлік залда құмар ойынын ұйымдастырғандар сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігі Маңғыстау облысында 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып, заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.
Агенттіктің мәліметінше, қатысушылардан ақшалай бәс банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан.
Қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты. Күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражаттың 36 млн теңгесіне екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алған. Сот үкімімен олар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
-

Марат Сұлтанғазиев құмар ойын бизнесі тоқтамайтынын айтты
Қонаев қаласындағы букмекерлік кеңселер мен казинолардан елге жыл сайын 90 млрд теңгеге жуық салық түсіп тұр. Қаланың артықшылығы болған ойынханалар шетелден туристерді де көптеп тартып жатыр. Осылай деген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы құмар ойын бизнесі тоқтамайтынын айтты.
Облыс басшысының айтуынша, Қонаев қаласында қазір 5 казино мен 6 ойын залы жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек бірнеше букмекерлік компаниялар тіркелген. Әкім ойын бизнесінің арқасында қалада жұмыссыздық мәселесі азайғанын айтады.
«Биыл қателеспесем, олар мемлекетке 90 миллиардқа жуық салық төледі. 3,5 мың жұмыс орны құрылды және осы ойын бизнесі саласында дәл осындай 3,5 мың жұмыс орны бар. Осыншалықты адам осы жерлерден өз нәпақаларын тауып отыр. Оның үстіне су қоймасының жағалауында орналасуы туристер үшін тартымды болып отыр», – деді Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар алаңында брифингінде.
Әкім сондай-ақ ойын бизнесі шетелдік туристерді қалай тартып отырғанына да тоқталды.
«Жұмыс ітеп тұрған 5 казиноның лицензиясы бар. Өздеріңіз білесіздер тек Қонаев пен Щучинск қалаларында ғана ойын бизнесін жүргізуге болады. Сондықтан бізде жұмыс істейтіндер заңды тіркелген. Ал шетелдік туристерге келер болсақ, осы бағытта ең басты басымдық соларда болып отыр», – деді әкім.
-

4 мыңнан астам адам бәс тіккен казиноның иесі табылды
Қаржы мониторинг агенттігі жазғандай, құмар ойын «Club GG» қосымшасының терісін жамылған болып шықты.
«Бәс тігу ставкасы 100 мың теңгеге дейін баратын «Club GG» деген покер 40-тан астам ойын үстелін қамтыған. Бәс тіккісі келгендерге 20 оператор қызмет көрсеткен және телеграм-арнасы болған. Ставка да, ставканың ұтысы да адамның шотына аударылған. Осы ойынды ұйымдастырып бергендер айналымдағы ақшаның 10% алып отырған. Жыл басынан бері бұл заңсыз покердің табысы 55 млн теңгеден асқан», — деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.
Дереккөзге сүйенсек, осы онлайн казиноға 4 мыңнан астам адам бәс тіккен.
«Ұсталғандардың Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Жетісу облыстарындағы үйлерінен, көліктерінен, кеңселерінен ондаған ноутбук пен компьютер, ұялы телефон, ақша, мемлекеттік тіркеу нөмірлері табылған», — деп хабарлады ҚМА.