Метка: Кеген ауданы

  • Кеген ауданында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігі опырылып қалды

    Кеген ауданында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігі опырылып қалды

    2026 жылғы 3 сәуірде Кеген ауданында «Кеген — Нарынқол» республикалық маңызы бар автожолының 20-шақырымында жол төсемінің опырылуы орын алды. Алдын ала  мәлңмет бойына оқиғаға су өткізу құбырының  толып қалуы салдарынан топырақтың шектен тыс ылғалдануы  себеп болған.

    Кеген ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, капитан Оспаевтың мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың күшімен көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

  • Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен спорт кешені салынады

    Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен спорт кешені салынады

    Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады.

    Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.

    2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Бұдан басқа, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.

    Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.

    «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.