Метка: Киік

  • Қаражал қаласында 50-ге жуық киік суға батып кеткен

    Қаражал қаласында 50-ге жуық киік суға батып кеткен

    Ұлытау облысының Қаражал қаласының маңынан суға батып кеткен 50-ге жуық киіктің өлексесі табылды.

    Қазір өлекселерді жою бойынша санитарлық жұмысты ТЖМ қызметкерлері жүргізіп жатыр.

    «Осы жылдың 1 сәуірінде Қаражал қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің күштерімен қала аумағында су және мұз үстіндегі 50-ге жуық киік өлекселерін шығардық», — дейді Қаражал қаласы 3-ӨСБ бастығының орынбасары Ерсұлтан Аманжанов.

  • Қазақстанда жыл басынан бері 5,2 мың киік қырылған

    Қазақстанда жыл басынан бері 5,2 мың киік қырылған

    Экология министрлігі дәл қазір Қазақстанның бес-алты облысында киіктердің қырылуына байланысты ресми комментарий берді.

    Министрліктің мәліметіне сүйенсек, киіктер көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында қырылып жатыр.

    «Киіктің биологиясын ескерсек, бұл табиғи жағдаймен байланысты. Жыл басынан бері 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды», – деп мәлімдеді министрлік.

    Айтап кетейік, қазір Қазақстанда киіктердің жалпы саны 4,1 миллион басқа жеткен.

  • Атырау облысында 84 киіктің өлексесі табылды

    Атырау облысында 84 киіктің өлексесі табылды

    Атырау облысының Құрманғазин ауданында 84 бас киік өлексесі табылды.  Аудан әкімдігінің мәліметінше, түз жануарларының қырылуына пастереллез ауруы себеп болған.

    «Охотзоопром» мамандары ветеринарлық қызметпен бірлесіп, қалдықтарды жинап, кәдеге жаратты. Анықтау орындарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. «Мәселе аудан әкімдігінің бақылауында, өлекселер қалған жоқ», – деп атап өтті әкімдіктегілер.