Метка: Көкшетау

  • Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

    Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

    Көкшетау қалалық соты Қопа көлінің жағалауын салу жобасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар үш тұлғаға қатысты үкім кесті.

    Сотталғандардың қатарында қалалық әкімдіктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау өкілі және мердігер ұйымның жетекшісі бар.

    Ақмола облысының арнайы прокурорлары жүргізген тергеу барысында 2020 жылы айыпталушылардың 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырып, кейіннен оны заңдастырғаны анықталды. Сот сотталушыларды аса ірі көлемдегі алаяқтық, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныды.

    Сот шешімімен оларға сәйкесінше 5 жыл 8 ай, 6 жыл 8 ай және 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ.

  • Көкшетаудағы инженерлік желілер жыры: Қаржылық мониторинг агенттігі 160 миллион теңге ұрланғанын анықтады

    Көкшетаудағы инженерлік желілер жыры: Қаржылық мониторинг агенттігі 160 миллион теңге ұрланғанын анықтады

    Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Көкшетау қаласындағы инженерлік желілер мен абаттандыру нысандарының құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ауқымды тергеу жүргізуде. Мәселе 2020 жылы Көкшетау қалалық құрылыс бөлімі мен «TAU PROJEKT» және «СЭМ-СтройЭнергоМонтаж» ЖШС арасында жасалған келісімшарттарға қатысты болып отыр.

    Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер ұйымдардың бенефициары орындалмаған немесе ішінара ғана атқарылған жұмыстар туралы жалған мәліметтерді қабылдау құжаттарына енгізу арқылы жұмыс көлемін асыра көрсетуді ұйымдастырған. Іс жүзінде су бұру жүйесінің негізін қалау, арық блоктарын орнату және кәріздік-сорғы станциясын жеткізу сияқты маңызды жұмыстар мүлдем атқарылмаған.

    Осы заңсыздықтарға қарамастан, Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы жұмыстардың жобалық шешімдерге сәйкес келмейтінін біле тұра, жалған актілерге қол қойып, қаржыландыруды тоқтатудың орнына бюджет ақшасын мердігерге аударып отырған. Кейіннен бұл қаражатты заңдастыру мақсатында «MAZHERUS» және «Tamila Invest» секілді бақылаудағы кәсіпорындар арқылы қайта бөлінген. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 160 миллион теңгеден асып жығылды. Қазіргі уақытта сот санкциясымен күдіктілердің 10 автокөлігі, 3 жер учаскесі мен пәтері қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

    Тергеу жалғасуда, ал өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • Көкшетауда 152 млн теңге субсидия жымқыру ісі бойынша үкім шықты

    Көкшетауда 152 млн теңге субсидия жымқыру ісі бойынша үкім шықты

    Көкшетау қаласында агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген мемлекеттік субсидияларды жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды. Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізді, деп хабарлайды Sona.kz afm_rk-ға сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, екі жыл бойы «МолПродЖаркаин» СПК директоры Ефимкина А.С. және «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы Маслов А.В. сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған.

    «Рассвет» шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге қажетті мал басы болмағаны анықталды. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде 3 млн килограмнан астам шикі сүтті жеткізу туралы жалған құжаттар рәсімделген.

    Осы құжаттардың негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу жөнінде есептілік жасалған. Уәкілетті орган өтінімдерді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған.

    Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 152 млн теңгені құрады. Сонымен қатар алынған субсидиялардың бір бөлігі Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған. Кейін бұл қаражатқа жалға берілген мобильді ғимарат сатып алынған.

    Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды. Сот үкімімен Маслов А.В. мен Ефимкина А.С. 6 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді. Өзге мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады. Үкім заңды күшіне енді.

  • Жаңа рекорд: «Кимешек шеруіне» 3 мың адам қатысты

    Жаңа рекорд: «Кимешек шеруіне» 3 мың адам қатысты

    Көкшетауда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Кимешек шеруіне» бастапқыда 200-300 адам қатысады деп жоспарланған, алайда бұл бастамаға соңында үш мыңға жуық адам қосылды.

    Мерекелік шерудің видеосын блогер Ринат Галлямов әлеуметтік желіде бөлісті. Кадрлардан жүздеген адам кимешек киіп, ән айтып, айналадағыларды Наурыз мейрамымен құттықтап келе жатқанын көруге болады.

    Кимешек – қазақ пен қарақалпақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі. Жұқа ақ матадан тігілетін бұл бас киім басты толық жауып, мойын, кеуде, иық пен арқаны да жабады.

    Кимешектің пішіні мен безендірілуі әртүрлі рулар мен тайпалардың ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырған. Жас келіндердің кимешектері ерекше әшекейленіп, ою-өрнекпен, түрлі-түсті жіптермен, зермен және күміс әшекейлермен безендірілген.

  • Ақмола облысының әкімі: «Көкшетау – Аристон қаласы» деп кеткенбіз

    Ақмола облысының әкімі: «Көкшетау – Аристон қаласы» деп кеткенбіз

    Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов журналист Ерболат Мұхамеджанның Jibek Joly телеарнасындағы авторлық УӘДЕ жобасына қатысып, Ақмола облысындағы бірқатар мәселелер туралы сұрақтарға жауап берді.

    Әкімнің айтуынша Көкшетауда жылу электр орталығының (ЖЭС) құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    «Бұл жұмыс басталды. Біздің тарапымыздан жер беру мәселесін, дайындық мәселесін біз бастап кеттік. Енді осы жазда құрылысы басталады деп тосудамыз. Көкшетауда тек жылуға емес, электр қуатына да тапшылық бар. Көкшетау қаласы жылу электр станциясы жоқ Қазақстандағы жалғыз облыс орталығы болуы мүмкін. ЖЭС жоқ. Ыстық су құбырмен бармайды», – деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысының айтуынша, ЖЭС құрылысы толық аяқталғаннан кейін ғана қала тұрғындарына ыстық су беріледі:

    «Көкшетау – «Аристон қаласы» деп кеткенбіз. Қазір халық амалсыздан «Аристонды» пайдаланып отыр. Ал сарапшылардың айтуынша, бұл екі есе энергия шығынын талап етеді. Көкшетауда ыстық су тек ЖЭС салынғаннан кейін ғана болады. ЖЭС-ті салу құрылысына министрлік жауапты. Біз әкімшілік ретінде инфрақұрылымды, ыстық су беретін құбырларды дайындауымыз қажет», – деді Марат Ахметжанов.

  • Көкшетауда әйел адам пойыз астына түсіп, мерт болды

    Көкшетауда әйел адам пойыз астына түсіп, мерт болды

    Ақмола облысында жан түршігерлік оқиға болды. Макинск қаласында туған күніне бірнеше апта қалғанда әйел адамды пойыз қағып кетті. Бұл туралы Nayzakokshe басылымы хабарлайды.

    Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда кешкі сағат 19.00 шамасында болған. Бұланды аудандық полиция бөліміне №327 «Қарағанды-Қостанай» жолаушылар пойызының машинисті шұғыл тежеу ​​туралы шешім қабылдағаны туралы теміржол вокзалының кезекшісінен телефон хабарламасы келіп түсті.

    Анықталғандай, белгісіз әйел пойыз астына секіріп кетіп, мерт болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенмен, әйел адам алған жарақатынан тіл тартпай кетті.

    «Куәгерлердің айтуынша, 36 жастағы әйел пойыз астына өзі секірген. Ол бірнеше аптадан кейін болатын туған күніне жете алған жоқ», – делінген хабарламада.

  • Көкшетауда мас еркек туысқанын пышақтап тастады

    Көкшетауда мас еркек туысқанын пышақтап тастады

    Жанжал 7 қыркүйекте орын алған. 48 жастағы ер адам мас күйінде 32 жастағы туысын пышақтап тастаған.

    Полиция күдіктіні ұстады, суық қару тәркіленді. Іс ҚР ҚК-нің 106-бабына сәйкес жүруде.

    Ер адам 8 жылдан 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.