Метка: көлік апаты

  • Алматы облысында көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

    Алматы облысында көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

    Алматы облыстық Полиция департаментінің дерегінше, жол апаты 28 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-ші шақырымында болған.

    «Lada Largus» жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан 40 жастағы жолаушы әйел сол жерде көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады полициядан.

    Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

     

  • Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысының Көксу ауданында үш адам көлік апатынан көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, “Toyota Camry” маркалы жеңіл автокөлігі “Алматы – Өскемен” автожолының 239 шақырымында жолшыбай бағытта келе жатқан “Камаз” жүк автокөлігінің артқы тіркемімен соқтығысқан.
    Апат салдарынан “Toyota Camry” жеңіл автокөлігінің жүргізушісімен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық жәрдем көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілген.

    Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

  • Жамбыл облысында бірнеше мектеп оқушысы отырған автокөлік апатқа ұшырады

    Жамбыл облысында бірнеше мектеп оқушысы отырған автокөлік апатқа ұшырады

    Жамбыл облысында бірнеше студент пен мектеп оқушысы отырған автокөлік апатқа ұшырады. Салдарынан 16 жастағы екі бала мен 17 және 18 жастағы Жаңатас қаласының тұрғындары ауыр хәлде аудандық ауруханаға жеткізілді.  Жасөспірімнің бірі әкесіне тиесілі көлікті рұқсатсыз мініп кеткен.  Таңғы төрттер шамасында ол  «Тараз-Жаңатас» бағытында жоғары жылдамдықпен келе жатып, көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылған.  Қазір төртеуі де жансақтау бөліміне жатыр.  Артынша 16 және 18 жастағы науқастар шұғыл облыстық ауруханаға ауыстырылды. Көлік жүргізу куәлігі болмаған жас баланың ата-анасына қатысты іс қозғалды.