Қазақстанда Энрике Иглесиастың концерті сияқты ірі мәдени шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеке күзет ұйымдарына тапсырылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, елімізде жаппай іс-шаралар кезінде ұйымдастырушыларға полиция қызметкерлерінің орнына жеке күзет компанияларын жалдауға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды.
Бұған дейін мұндай ауқымды шараларға мыңдаған тәртіп сақшылары тартылатын. Мысалы, Дженнифер Лопестің концертінде 3500-ден астам ІІМ қызметкері мен әскери қызметші кезекшілік еткен. Жаңа заңнамалық өзгерістер бұл міндетті жеке секторға жүктеуге жол ашады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 4 мыңға жуық жеке күзет ұйымы және 100 мыңға жуық лицензиясы бар маман бар. Енді олардың әлеуетін жаппай іс-шараларда тәртіпті сақтау үшін пайдалану жоспарлануда, бұл өз кезегінде полиция ресурстарын басқа да маңызды міндеттерге жұмсауға мүмкіндік береді.
Метка: концерт
-

Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концертінде қауіпсіздікті жеке күзетшілер қадағалауы мүмкін
-

Джей Ло концерттерінен түскен кіріс декларациядан кейін белгілі болады
Әлем жұлдызы Дженнифер Лопестің Астана мен Алматыда өткен концерттерінен Қазақстан қазынасына түсетін нақты сома салық декларациясы тапсырылғаннан кейін белгілі болады, деп хабарлайды Sona.kz Үкіметтегі баспасөз мәслихатына сілтеме жасап.
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, концертті ұйымдастырушылар алдын ала 400 миллион теңге кіріс түседі деп хабарлаған. «Салық декларациясын тапсыру мерзімі – 25 қараша, одан кейін 25 күн ішінде төлеуі керек. Нақты соманы содан кейін көреміз», – деді ол.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, мұндай мәдени іс-шаралар ел экономикасына оң әсер етеді. Мәселен, Астанадағы концертке 5 мыңға жуық, Алматыдағы концертке шамамен 7 мың турист келген. «Бір турист кем дегенде 1 мың доллар жұмсайды. Бұл қонақ үйлер, мейрамханалар және қаланы аралауға кеткен шығындарды қамтиды», – деді министр.
Ведомство өкілдері салық түскеннен кейін концерттің нақты экономикалық әсерін салыстырып бағалайтынын мәлімдеді.
-

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы қанша?
Фанаттар үшін шектеу: бір адамға тек төрт билетке дейін сатып алуға болады.
Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.
Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамызда Астана арена стадионында өнер көрсетеді. -

Тұрсынбек Қабатов жоспарланған барлық концертін неге 2025 жылға ауыстырды?
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
‘Ассалаумағалейкум құрметті көрермендер. Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын. Өздеріңізді көруге асықпын», — деп жазды Қабатов.
-

Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл көрерменнің қауіпсіздігі мен жол кептелісін болдырмау мақсатында қабылданған шара. Арнайы транспорт Салтанат Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті және Бас мешіттің жанынан сағат 17:00-ден бастап қатынайды. Ол үшін концерт билетін көрсету қажет. Ал кеш өтетін жерге жеке көлікпен кіруге тыйым салынған. Айта кетейік, бүгін Астана аренада әншінің концерті өтеді.