Конго Демократиялық Республикасында қаңтардан бері маймыл шешегін жұқтырғандар саны 30 мыңнан асып кеткен. Бұл — Африка контиНентінде осы аурумен биылдыққа ауырғандардың 90 пайызы. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Қазір инфекцияның таралуын тоқтату үшін Солтүстік және Оңтүстік Киву провинцияларында халықты вакциналау науқаны жүргізіліп жатыр. Сол үшін елге 265 мың дана екпе жеткізілген. Бірақ мұнша екпе аздық етіп отыр. Айта кетсек, тамызда осы індетке байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі
Метка: Конго
-

МИНИСТРЛІК МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінен қорғанудың жолдарын ұсынды. Эндемиялық елдерге баратын туристер инфекциядан сақтану үшін осы талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
— Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға жоламау керек. Вирусты маймыл, егеуқұйрық, тиіндер мен басқада жабайы жануарлар тасымалдауы мүмкін.
— Жануарлармен жұмыс істеу кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану керек. Яғни, оларға күтім жасау кезінде, зертханалық жағдайда қорғаныш киімдерін, қолғаптар мен маскаларды қолдану маңызды.
— Гигиенаны қатаң сақтау қажет. Қолды сабынмен жиі жуу керек.
— Дезинфекциялық құралдарды қолдану ұсынылады. Себебі, бұл зат инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
— Маймыл шешегінің белгілері: дене бөртеді, қызу көтеріледі, бойда әлсіздік пайда болады, бас аурырады. Мұндай жағдайда жедел дәрігерге қаралу керек.Еске салайық, маймыл шешегі бірнеше ай бұрын Конго Демократиялық Республикасында өршіп, 500-ден астам адамның өмірін қиды. Жалпы алғанда, жұқпалы инфекция әлемнің 116 еліне тараған.
«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті аурудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
Осы инфекцияны Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды. Қазақстанның санитариялық-карантиндік пункттерінде (әуежай, теміржол, теңіз, автомобиль өту жолдары) аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау (әкелудің алдын алу) жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты бақылауға алып отыр», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында. -

Маймыл шешегі: Министрлік Қазақстандағы ахуалды айтты
Маймыл шешегі: Министрлік Қазақстандағы ахуалды айтты
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев маймыл шешегіне қатысты елімізде жағдай тұрақты екенін жеткізді.
«Маймыл шешегі қатерлі сырқат. Тек Африкада ғана емес, басқа елдерде де тіркелген. Екі жылдың ішінде 100 мыңға жуық адам жұқтырған. Бұл дерттің
Қазақстанға кіру жолдарын бақылауымыз керек. Мысалы әуежайды бақылауымыз қажет», — деді Тимур Сұлтанғазиев.Яғни, әуежай арқылы келген науқас болса, олар бірден оқшауланады. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің маймыл шешегіне қатысты клиникалық хаттамасы бекітілген. Ол жерде індеттен қалай қорғану керек, қауіпсіздік шаралары жөнінде қамтылған.
Еске сала кетейік, Конгода маймыл шешегі дертінің мутацияға ұшыраған түрі белең алуда. Індеттің тез таралуына байланысты Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Мұндай шешімді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.
Мутацияға ұшыраған маймыл шешегінің бастапқы белгілерінде бас ауырады. Қызу көтеріліп, арқада ауырсыну пайда болады. Дене бөртеді.
-

Маймыл шешегі дендеп тұр: Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды
Маймыл шешегі дертінің мутацияға ұшыраған түрі белең алды. Індеттің тез таралуына байланысты Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Мұндай шешімді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдады.
«Вирус Конгоның шығыс аймағында тез таралуда. Жанындағы көрші елдерден де анықталған. Бұл жағдай алаңдаушылық туғызды», — делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында.
Маймыл шешегі адамдарға жұғатын сирек кездесетін вирустық инфекция. Биылдың өзінде дертті 14 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 524-і көз жұмды. Мутацияға ұшыраған маймыл шешегінің бастапқы белгілерінде бас ауырады. Қызу көтеріліп, арқада ауырсыну пайда болады. Дене бөртеді.