Метка: көпбалалы ана

  • Талдықорғанда көп балалы ана кісі қолынан қаза тапты

    Талдықорғанда көп балалы ана кісі қолынан қаза тапты

    Қылмыстық іс туралы сол ауылдың тұрғындары хабарлаған. Ал осы оқиға бойынша Orda.kz редакциясы Жетісу облысының полиция департаментінен жауап алды.

    «Ескелді ауданының полиция бөлімі ішімдік ішу кезінде жасалған кісі өлтіру туралы қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталды және қамауда отыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», – деп жауап берді олар.

    Сондай-ақ, құқық қорғау органдары алкогольді шамадан тыс пайдалану қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.

  • Ақтөбедегі көпбалалы ана 11 баласын дүниеге әкелді

    Ақтөбедегі көпбалалы ана 11 баласын дүниеге әкелді

    3 наурыз күні Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында 42 жастағы жергілікті тұрғынсалмағы 3680 грамм, бойы 57 см болатын ұл баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.

    Орталық директоры Гүлшат Темірбаеваның айтуынша, бұл әйелдің барлық баласы осы перзентханада дүниеге келген. Қазір ана мен нәрестенің жағдайы тұрақты, ал жаңа туған сәбиге әлі ат қойылмаған.

    Отбасында 17 жастағы үлкен баласы бар, ал 2023 жылы егіздер дүниеге келген.

    «Әдетте көпбалалы аналар бізге 5-ші немесе одан кейінгі балаларын босану үшін келеді, ал 11-ші бала – бірінші рет. Анасы мен балаларына зор денсаулық тілейміз», – деді Темірбаева.

    Дәрігерлердің айтуынша, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында жылына екі үшемдүниеге келеді. Биылғы алғашқы үшем 26 ақпанда туған. Жалпы, орталықта жылына шамамен 8 мың бала өмірге келеді.

  • Көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді

    Көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді

    2025 жылдан бастап олар облысішілік автобустармен тегін жүретін болады.

    Қазір өңір бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар облысішілік автобустарға тегін отырады. Бұл мақсатта 178 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 5312 бала қамтылған. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

    «Келер жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», – деді Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.