Метка: Көпір

  • ШҚО-дағы Шнайдер көпірінің құлауынан кейін басқарма басшысы қызметінен босатылды

    ШҚО-дағы Шнайдер көпірінің құлауынан кейін басқарма басшысы қызметінен босатылды

    1 қыркүйекте Өскемен қаласында Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер көпірінің орталық бөлігі опырылып түскен еді. Қызметтік тексерістің нәтижесінде бірқатар кадрлық шешім қабылданды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Шығыс Қазақстан облысында Шнайдер көпірінің құлауына байланысты жүргізілген тексеріс аяқталды. Нәтижесінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов қызметінен кетті.

    Көпір өткен жылы жөнделген болатын. Соған қарамастан, 1 қыркүйекте оның орталық өткелі құлады. Бұл нысан бұған дейін де бірнеше рет апатты жағдайға түскен — 2021, 2023 және 2025 жылдары бөлек бөліктері опырылған. Жөндеу жұмыстарына жалпы 600 млн теңге жұмсалған.

    Бүгін Уахитовтың өтініші бойынша жұмыстан шыққаны белгілі болды. Алайда әкімдік оның кетуі тек ерікті шешім емес екенін хабарлады.

    ВКО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім аймақтағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шаралары аясында қабылданған. Тексеру аким Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізілді.

    «Тексеру нәтижесінде Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды. Оларға түпкілікті құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді. ШҚО әкімдігі мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, ашықтық пен тәртіпті күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады», — деді әкімнің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова.

    Уахитовтың орнына оның орынбасары Нариман Алмасұлы уақытша басшы болып тағайындалды.

    Бұған дейін Өскемен әкімдігі құлаған көпірді қалпына келтіру тиімсіз екенін мәлімдеген болатын. Құрылымды толық бұзып, орнына жаңа көпір салу жоспарланып отыр.

    Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Себебі көпір бірнеше рет жөнделгеніне қарамастан, қайта-қайта апатты жағдай қайталанған.

  • Астанада 18 жастағы студент қыз көпірден секіріп қаза тапты

    Астанада 18 жастағы студент қыз көпірден секіріп қаза тапты

    Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 18 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар, деп хабарлайды Sona.kz Kriminal Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

    Оқиға елордадағы көпірлердің бірінде болған. Қайтыс болған қыз университеттің екінші курсында оқыған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі жеткенімен, қызды аман алып қалу мүмкін болмады.

    Полиция департаменті мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу”) бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

    Айта кетейік, осы жылдың тамыз айында елордада Назарбаев Университетінің 22 жастағы студенті де өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Ол жатақхананың 12-қабатынан секіріп көз жұмған.

    Мамандар жастар арасындағы мұндай қайғылы оқиғалардың жиілеуі жоғары оқу орындарында психологиялық көмек жүйесін күшейтуді қажет ететінін айтады.

  • Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

    Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

    Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады.

    Ақсу аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ТҮИ бөлімінің басшысы Мадияр Нұрахметов бұл ақпаратты растады.

    «Облыстық маңызы бар Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы автомобиль жолында орналасқан көпір күннің күрт жылынуы себепті, қар суы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытты тиісті жол қозғалысы шектелді, қалпына келтіру шаралары бойынша мамандар жұмыс істеуде», – деді ол.

    Кейіннен аудандық бөлім басшысы жол қозғалысы қалпына келтірілгенін мәлім етті.

    –  Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы жол қалпына келтірілді. Қазіргі таңда арнайы белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жол ашық. Құрметті жолаушылар аталған жол учаскесінде жылдамдықтың қатаң сақтауды сұраймыз, – деп ескертті Нұрахметов.

  • 6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды

    6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды

    Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай ШҚО-дағы алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

    Жоба көлік қатынасының ұзақ жылғы мәселесін шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.

    «2019 жылы Мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Көпірдің стратегиялық,, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азаматтың бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алатынын атап өткен жөн», – деді Марат Қарабаев

     

    Министр сонымен қатар ең басты мақсат – көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған.

    Құрылыс тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.

  • ШҚО-да көпір опырылып түсті

    ШҚО-да көпір опырылып түсті

    ШҚО Алтай ауданындағы 48-50 км учаскесінде Октябрь өткелі – Алтайка – Жаңа Хайрузовка облыстық маңызы бар автомобиль жолы уақытша жабылды, деп хабарлады YK-news.kz.

    Жолдың жабылуына Таволжанка өзені арқылы өтетін көпірдің негізгі тіректерін жер асты суларының шайып, құлауы себеп болған.

    Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Көпірмен жүруге шектеу қойылып, жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ уақытша айналма жол салу жұмыстары басталып кетті.