Метка: Коронавирус

  • Қытайда жарқанаттан жаңа коронавирус табылды

    Қытайда жарқанаттан жаңа коронавирус табылды

    Қытай ғалымдары HKU5-CoV-2 деп аталатын жаңа коронавирус түрін анықтады. Бұл штамм Гонконгтегі жапондық ергежейлі жарқанаттардан табылған.

    Ғалымдардың айтуынша, вирус тез жұғалы және адамға тікелей немесе аралық тасымалдаушылар арқылы берілуі мүмкін.

    Жаңа вирус қандай ауру тудырады?

    HKU5-CoV-2 коронавирусы Таяу Шығыс респираторлық синдромын (MERS) қоздыруы мүмкін. Бұл ауру қатты жөтелмен қатар пневмония сияқты асқынуларға әкеледі. Бұған дейін COVID-19 вирусы да осындай ауыр тыныс алу жолдарының ауруларын тудырғаны белгілі.

    Зерттеу қайда жасалды?

    Зерттеу жұмыстарына Ухань вирусология институтының мамандары қатысқан. Бұл институт пандемияның алғашқы кезеңінде коронавирустың зертханадан таралуына қатысты айыптауларға ұшыраған еді. Зерттеу нәтижелері South China Morning Post басылымында жарияланды.

    Қауіп бар ма?

    Вирусологтар қазіргі уақытта жаңа вирусқа байланысты эпидемиялық қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Алайда оның нақты қаупін анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет. Ғалымдар вирустың адамға таралу мүмкіндігін толық зерттемейінше, болашақта қандай қауіп төндіретіні белгісіз.

  • Әлемде коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр

    Әлемде коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр

    Медициналық сарапшылардың пікірінше, ол жақында әлемде басым штаммға айналуы мүмкін.

    XEC – омикронның KS.1.1 және KP.3.3 субварианттарының гибриді, оның мутациялары осы күзде кең таралуына ықпал етуі мүмкін. Скриппс институтының мәліметтері бойынша, бұл нұсқа Ұлыбритания, Дания, Франция, Ирландия, Швеция, Италия және Испанияда анықталған. Ғалымдар XEC-ті алғаш рет маусымда Берлинде анықтаған еді, қазір ол 11 еуропа еліне және әлемнің басқа 4 еліне де таралған.

    XEC Германия, Бельгия, Словения және Нидерландыда секвенирленген үлгілердің 1%-ын құрайды. Алайда, сарапшылар оның таралуына қарсы вакциналар тиімді болуы мүмкін деп санайды. Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) қысқы маусымға дейін вакцина алуды ұсынады.

  • Вице-министр: Халыққа медициналық маска тағу міндеті қойылған жоқ

    Вице-министр: Халыққа медициналық маска тағу міндеті қойылған жоқ

    ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев еліміздегі коронавирустық ахуал жайлы айтты.

    «Көрші Ресей, Еуропа мемлекеттерінде коронавирустық сырқаттың өршуін біз байқап жатырмыз. Қазақстанда да осы шілде айында маусым айымен салыстырғанда біршама коронавирустық инфекцияның өршуін байқап отырмыз. Медициналық ұйымдарда ғана медициналық қызметкерлерге маска кию түрінде шектеулер қойылған болатын. Алайда халыққа ондай шектеулер қойылған жоқ», -деді вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.

    Бүгін тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойылғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеді.

    Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:

    • 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

    • Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;

    • ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

    «Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну», — делінген министрліктің хабарламасында.

  • Елімізде коронавирус қайта үдеді ме? Сақтық үшін халыққа вакцина салынады

    Елімізде коронавирус қайта үдеді ме? Сақтық үшін халыққа вакцина салынады

    Елімізде коронавирус қайта үдеді ме? Сақтық үшін халыққа вакцина салынады

    Бүгін тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойылды. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеді.

    Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:

    • 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

    • Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;

    • ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

    «Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну», — делінген министрліктің хабарламасында.

     

  • Париж олимпиадасында жүлде алған спортшылардан коронавирус анықталды

    Париж олимпиадасында жүлде алған спортшылардан коронавирус анықталды

    Париж олимпиадасында жүлде алған спортшылардан коронавирус инфекциясы табылды. Осы жағдайға байланысты 15 тамызға жоспарланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі кейінге шегерілді.

    «Коронавирус инфекциясы 3 спортшы мен 2 бапкерден анықталды. Үш спортшының үшеуі де Париж олимпиадасында жүлдеге қол жеткізген. Қазір олар оқшауланып, ем-дом қабылдауда. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Құраманың қалған мүшелері дін аман», — деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

    Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан 8 медальмен 43-орынға тұрақтады.

    Жамбыл облысы: Елдос Сметов – алтын медаль; Алматы қаласы: Нариман Құрбанов – күміс медаль, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, Ғұсман Қырғызбаев және Назым Қызайбай – қола медаль; Астана қаласы: Нұрбек Оралбай – күміс медаль;Алматы облысы: Демеу Жадыраев – күміс медаль.