Метка: Көші-қон

  • Шымкентте заңсыз көші-қон арнасы жойылды

    Шымкентте заңсыз көші-қон арнасы жойылды

    ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік азаматтардың ел аумағына заңсыз кіруін және оларды заңдастыруды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Арнайы операция барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Шымкент қаласында 28 тінту жұмыстарын жүргізді.

    Жедел іс-шаралар нәтижесінде ондаған шетелдік паспорттар, компьютерлік техника, байланыс құралдары, жалған еңбек шарттары мен бланкілер тәркіленді. Сондай-ақ ірі көлемдегі ақшалай қаражат пен тіркелмеген атыс қаруы табылды. Топ ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалған 13 күдікті тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

  • Елден 13 мыңға жуық адам көшіп кетті

    Елден 13 мыңға жуық адам көшіп кетті

    Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр 29 948 адам Қазақстанға қоныс аударса, 12 784 азамат елден кеткен.

    Дегенмен бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болған. Сол елдерден келгендердің үлесі 81 пайыз болса, сонда кеткендердің үлесі 75 пайызға жуық.

    2024 жылғы көші-қон

    • Көшіп келді — 29 948 адам
    • Көшіп кетті — 12 784 азамат

    2023 жыл – 16 055 адам

    • 2024 жылы 20%-ға азайды
    • Көші-қон – 17 164 адам