Метка: Көшпенділер қалашығы

  • Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

    Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

    «Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде Қонаев қаласын көгалдандыру жалғасуда. Өткен сенбілікте «Барыс» экопаркінің негізі қаланып, 250 ағаш егілсе, осы жолы «Көшпенділер қалашығындағы» экопаркке алғашқы ағаштар егілді.

    Экологиялық науқанға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, қала әкімі Асхат Бердіханов, жастар, тұрғындар мен ақсақалдар қатысты. Науқанда барлығы 300-дей адам төбе көрсетті.

    «Табиғаты таңғажайып Іле өзенінің жағасындағы «Көшпенділер
    қалашығында» жайлы орта жасау үшін экопарк салынбақ. Бұл – өңіріміздің туристік әлеуетіне тың серпін береді деп ойлаймын. Бүгін сол игі бастамаға үн қосу үшін жиналдық» – деді Ғани Майлыбаев.

    Мұнда экопарктің алғашқы негізі ретінде 500 дана акация ағашы егілді. Акация – өте төзімді ағаштардың бірі. Құрғақшылыққа жақсы шыдайды, ыстық климатта да, салыстырмалы түрде суық аймақтарда да өсе алады. Желге, шаңға, тіпті қалалық ортадағы ластануға бейімделгіш. Тамыр жүйесі терең болғандықтан, суды топырақтың төменгі қабаттарынан алады. Құнарсыз, кедей топырақта да өсіп, оны азотпен байытуға көмектеседі.

    Алдағы уақытта 4 гектар аумақты алып жатқан экопаркте 3000 ағаш отырғызылады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізушілер жолы, демалатын орындар пайда болмақ.

    «Көшпенділер қалашығы» қазірдің өзінде қаламыздың көзтартатын, көркем аймағы. Экопарктің салынуы Іле өзенінің маңын одан ары ажарландырады. Табиғат, декорациялық нысан, демалыс орыны – барлығы үйлесім тапқандай әсер қалдырады. Бұл жерде тамақтанатын орындар, медпункт, полиция пункті, санитарлық тораптар қойылып, жол салынған. Осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бір жағынан ағаш егіп, табиғатты қорғауға үлес қоссақ, екінші жағынан отбасымызбен демалып жүрміз», – деді блогер Анастасия Сухачева өз пікірін білдіріп.

    Айта кетейік, ағаш егу маусымы басталғалы Қонаевта 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды.

    Сонымен қатар бүгін қала тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, жастардан құралған 80-ге жуық азамат «Алматы-Өскемен» күре жолының бойында сенбілік ұйымдастырып, 500 келідей қоқыс шығарды.

  • «Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне қайтарылды

    «Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне қайтарылды

    Бұған дейін нысанға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы иелік еткен.

    Қазіргі таңда қалашық ескіріп, кейбір жабдықтары сынып, бастапқы келбетін жоғалтқан. Бірнеше келіссөздер жүргізу нәтижесінде киностудия декорациялық кешенді Қонаев қаласына сыйға тарту шартымен өткізіп берді. Аталған нысанның аумағы 5,8 гектарды құрайды, Іле өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Баланстық құны – 15 402 000 теңге.

    Қалалық Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мәліметінше, енді қалашық ТҮКШ бөліміне қарасты болады. Алдағы уақытта бұл аумақты туризм бағытында дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ оны күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеу жасауға бюджеттен қаржы қарастырылады.

    Бүгінде инфрақұрылымды дамыту мақсатында жұмыстар басталған. Қалашыққа апаратын күре жол салынып жатыр. Жолдың ұзындығы – 7 шақырымға жуық. Жоба бойынша қосымша электр желілерін тарту, автотұрақ салу, жол бойын жарықтандыру қарастырылған. Күре жолдың ені – 7 метр, 2 жолақты болады. Құрылысқа 41 адам және 24 техника тартылған. Жол салу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

  • Көшпенділер қалашығына жол салынады

    Көшпенділер қалашығына жол салынады

    «Былтыр Көшпенділер қалашығына жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады», – деді бөлім басшысы.

    Сонымен қатар Бағдат Алиев былтырғы жылғы атқарылған жұмыстармен бөлісті.
    Жолаушылар тасымалы бойынша:
    • 9 маршрут бойынша 28 дана қоғамдық көлік қатынауда. Оның 2-уі былтыр сатып алынды. Биыл автобус паркі жаңа 5 көлікпен толықтырылады деп жоспарланған;
    • Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға 2024 жылы Қонаев қаласына 602,2 млн. теңге бөлінді. Биылға келісімшарт қаңтар айында жасалады.

  • Қонаевта көшпенділер қалашығына жол салынады

    Қонаевта көшпенділер қалашығына жол салынады

    Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев айтты.

    «Былтыр Көшпенділер қалашығына жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады», – деді бөлім басшысы.

    Сонымен қатар Бағдат Алиев былтырғы жылғы атқарылған жұмыстармен бөлісті.
    Жолаушылар тасымалы бойынша:
    • 9 маршрут бойынша 28 дана қоғамдық көлік қатынауда. Оның 2-уі былтыр сатып алынды. Биыл автобус паркі жаңа 5 көлікпен толықтырылады деп жоспарланған;
    • Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға 2024 жылы Қонаев қаласына 602,2 млн. теңге бөлінді. Биылға келісімшарт қаңтар айында жасалады.

    Автомобиль жолдары:
    • Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85%-ға жетті
    • 22 көшеде шұңқырларды жабу, 9 көшеге ағымдағы жөндеу жасалды
    • 8-10-шы шағынаудандар жолын күрделі жөндеу басталды
    • «Morelux» демалыс орнына апаратын Речников көшесі ағымдағы жөндеуден өтті
    • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 700 дана жол белгісі орнатылды, 2000-ға жуық жол белгілерінің тірегі боялды. Бұдан бөлек, 200 шаршы метр жасанды жол дөңес орнатылды.
    • 34 жаңа аялдама қойылды.

    Ал Кешенді даму жоспары аясында 16 жобаның құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.