Метка: Күшейтілген режим

  • Коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

    Коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

    Қонаевта 8 ақпаннан 9-на қараған түні 27 м/секундына боран соқты. Осыған байланысты қалада штаб құрылып, түнгі уақыттан коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
    Инженерлік желілерде ақаулар орын алып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, жеңіл конструкцияларға зақым келді. Түнде құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жүргізілді, бұл қызмет әлі де жалғасуда.

    Сондай-ақ бірқатар шағынаудандарда жарық өшті, қалпына келтіріліп жатыр.

    1-11-сынып оқушылары түгелдей қашықтан оқуға көшірілді.

    Қала әкімі Асхат Бердіханов ТҮКШ бөлімінің мамандарымен жиын өткізіп, боранның салдарын жою бойынша тапсырмалар берді. Зардап шеккен адамдар болса, заң аясында көмек көрсетіледі.

    Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтануды сұраймыз. Үйлердің шатырларына жақын жүрмеңіздер. Қазгидрометтің мәліметінше, боран бүгін түске дейін соғуы мүмкін.

    Барлық жағдайлар бойынша 109 қызметіне хабарласуды сұраймыз!

  • Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

    Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

    Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жылды мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. 3 мыңнан астам полицей қаладағы тәртіпті тәулік бойы күзетеді.

    Патрульдік экипаждардың саны ұлғайтылды, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскері тартылды.

    – Азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін орындар ерекше бақылауда, – деп хабарлады ведомстводан.

    Алматы тұрғындары Жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті. Қалада түрлі концерттер мен іс-шаралар, сондай-ақ негізгі жаңа жылдық жәрмеңке өтіп жатыр.