Метка: Курьер

  • Сәтбаевта курьерге тапсырыс үшін жалған купюрамен есеп айырысқан

    Сәтбаевта курьерге тапсырыс үшін жалған купюрамен есеп айырысқан

    Сәтбаев қаласында жеткізу қызметінің курьері алаяқтықтың құрбаны болды. Тапсырыс үшін есеп айырысу кезінде оған шынайы ақшаға ұқсас сувенирлік купюралар берілген. Бұл ақпаратты Ұлытау облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Оқиға кешкі уақытта «Чемпион» дүкені маңында болған. Курьердің жұбайының әлеуметтік желіде жазуынша, тапсырысты алған жас қыз қолма-қол ақша берген, алайда кейін екі 5 мың теңгелік купюраның жалған екені анықталған.

    Жарияланым авторының айтуынша, қыз курьерді өзі қарсы алғанымен, көрсетілген мекенжайда тұрмайтыны белгілі болған. Отбасы бұл жағдайды басқа курьерлерді ескерту мақсатында жариялағанын атап өтті.

    Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ресми арыз әзірге түспеген. Соған қарамастан, әлеуметтік желідегі ақпарат негізінде материал тіркелген.

    «Сәтбаев қалалық полиция бөлімі аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта жарияланымда көрсетілген мән-жайлар зерделеніп, тиісті процессуалдық шаралар қабылдануда», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілмек.

  • Курьерден бір келі есірткі тәркіленді

    Курьерден бір келі есірткі тәркіленді

    Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды Полиция.

    Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды.

    «Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді. Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

  • Әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

    Әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

    Белгілі қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаевқа 17 жастағы балаға қол жүгіртті деген айып тағылып жатыр.

    Кеше түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.

    «Кешкі 21:00 шамасында курьер жігіт бір мекен-жайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Ол тауарды дүкеннен алып, тапсырыс берушіге апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай болған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраны бірге ішуді ұсынған.

    Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын жыныс мүшесінен ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Күдікті – Алмас Кішкенбаев», – деп жазды журналист.

    Алматының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын, күдікті К. есімді азамат полицияға жеткізілгенін айтты.