Метка: Курсант

  • Алматыда ІІМ академиясының курсантын 17 жастағы қызды соққыға жықты деп айыптады

    Алматыда ІІМ академиясының курсантын 17 жастағы қызды соққыға жықты деп айыптады

    Алматыда ІІМ академиясының курсантына қатысты дау қоғам назарын аударды. Әлеуметтік желілерде таралған жазбада автор оның бұрынғы сүйген қызын ұрды деп мәлімдеді. Айтуынша, оқиға 29 қарашада болып, жәбірленуші – 17 жастағы алматылық қыз, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Пост авторының айтуынша, қыз бұрынғы жігітімен кездесуге келісіп, оның көлігіне отырған. Осы кезде ол қыздың телефонын сұраған, ал қыз жеке заттарын беруден тартқан. Осыдан кейін, жазбаға сәйкес, курсант агрессия көрсетіп, ременьмен және қолымен қысып, басынан ұрып, көліктен шыққан қызды қайта күштеп отырғызған. Жәбірленушінің отбасы қыздың басынан соққы алғанын, денесінде іздер мен жарақаттар анықталғанын мәлімдеді.

    Әлеуметтік желілерде жарияланған бұл оқиға қызу талқыға түсті. Бұған дейін де күштік құрылымдарға оқуға түскен жастардың қатысуымен болған жанжалдар талқыланған еді. Қолданушылар болашақ полиция қызметкерлерін іріктеу мен тәрбиелеу тетіктерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

    Алматы қалалық Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Полиция өкілдері жәбірленушіні, оның ата-анасын және өзге де қатысушыларды сұрап, қажетті материалдарды жинаған. Алайда, ведомствоның хабарлауынша, қыз бен оның ата-анасы арыз жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Тексеру кезінде көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмаған.

    Осыған байланысты және қадағалау органының келісімімен қылмыстық іс өндірісі заңнамаға сәйкес тоқтатылды. Дегенмен ІІМ академиясы өз шешімін қабылдап, тәртіптік комиссияның шешімімен оқиғаға қатысы бар курсантты оқудан шығарды.

    Полиция мұндай жағдайлар белгіленген тәртіппен қаралатынын атап өтті. Желі қолданушылары курсанттар мен күштік құрылымдардағы білім алушыларға қатысты бақылауды күшейтуді талап етіп, талқылаулар жалғасып жатыр.

  • Ақмола облысында пара алған командирлер сотталды

    Ақмола облысында пара алған командирлер сотталды

    Ақмола облысында ТЖМ  курсанттары оқытушыға пара берген.

    Курсанттар взвод командиріне қажетті баллды жинау үшін 5000 теңгеден берген. Аталған взвод командирі басқа әріптесімен бірігіп, «атақ» үшін тағы 267 мың теңге пара алғаны анықталды.

    Тағы бір командир ер адамнан ұлының академияға түсуі үшін 2,5 млн теңге талап еткен. Тергеу басталғаннан кейін ол бұл ақшаны қайтарды.

    Сот бірінші командирді үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Екінші командир параның 10 пайыз сомасында айыппұл арқалады. Олардың барлығы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

    Пара берген кәмелетке толмаған курсанттарға да айыппұл салынды. Айыппұл сомасы сотта жарияланған жоқ.