Метка: лгбт
-

Қазақстанда ЛГБТ насихатына қандай жаза қолданылатыны: вице-министр түсіндірді
Қазақстанда ЛГБТ насихаты заңсыз контентке жатқызылады, осы үшін жауапкершілік қарастырылғанын мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенат залынан тыс тілшілерге айтты. деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке с3лтеме жасап.Оның айтуынша, адамның ЛГБТ-ға жататыны үшін жазалау болмайды. Жауапкершілік тек ЛГБТ-ны насихаттау немесе қоғамға қосылуға шақыру кезінде ғана қолданылатын болады.Жазалау шаралары:•Бірінші бұзушылық үшін 20 МРП көлемінде айыппұл (2025 жылы 78 640 теңге);•Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл көбейтіледі немесе 10 күнге әкімшілік қамауға алу мүмкіндігі қарастырылған.Бұл норма тек азамат өтініш берген жағдайда ғана қолданылады (мысалы, eOtinish порталы арқылы). Жауапкершілік автоматты түрде анықталмайды. Өтініш түскеннен кейін контентке сараптама жасалады.Контекст:Қазақстанда ЛГБТ насихатын шектеу мәселесі 2024 жылғы сәуірде басталған. Мажилис депутаттары бұл тақырыпты БАҚ туралы заңға енгізуді ұсынған, кейін қылмыстық жауапкершілік енгізу мүмкіндігін де талқылады. Дегенмен, бұл ұсыныстар соңғы құжатқа енген жоқ.2025 жылғы қазан айында бұл түзету қайта қаралып, қарашада Мажилис депутаттары ЛГБТ насихатын тыйым салу туралы заң қабылдады. Енді Қазақстанда ЛГБТ туралы кез келген мәлімет жарнамада, әлеуметтік желілерде немесе фильмдерде заң шеңберінде шектеуге жатуы мүмкін. -

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ны насихаттау ұғымына қатысты түсініктеме берді
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дмитрий Кочетов Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға қатысты түзетулерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, ЛГБТ-ға тиесілі болғаны үшін ешқандай жаза қарастырылмайды. Заң нормалары тек насихаттауға қатысты қолданылады. Насихат деп оң бағалау мен тікелей үндеу түсіндіріледі.
«Екі ер адам қол ұстасып жүріп, оны әлеуметтік желіге жарияласа бұл насихат болып саналмайды. Алайда егер сол жазбада белгілі бір қауымдастыққа қосылуға шақыру немесе көзқарасты жағымды түрде таңу болса, онда бұл насихат ретінде бағалануы мүмкін», — деді ол.
Кочетовтың айтуынша, жай ғана бейне, сурет немесе фактінің өзі заң бұзушылыққа жатпайды.
Сонымен қатар, нормалар шағым түскен жағдайда ғана қолданылатыны атап өтілді. Түзетулер күшіне енгеннен кейін мұндай контент құқыққа қайшы материалдар тізіміне енгізіліп, басқа да заң бұзушылықтармен қатар мониторингке алынады.
Министрлік өкілдері бұл өзгерістердің мақсаты азаматтардың жеке өміріне араласу емес, заң аясында нақты шекараларды белгілеу екенін жеткізді.
-

Қазақстанда ЛГБТ насихатына шектеу енгізу жоспарлануда
Қазақстан Мәжілісі ЛГБТ насихатын шектеу жөніндегі түзетулерді мақұлдады, оны мұрағат ісі туралы заң жобасына енгізді, деп хабарлайды Sona.kz ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Құжат балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты, соның ішінде ЛГБТ және педофилия тақырыбындағы материалдарды жария кеңістікте, БАҚ-та, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда таратуға тыйым салуды көздейді.
Түзетулер тоғыз заңға өзгертулер енгізеді: бала құқықтары, жарнама, байланыс, мәдениет, білім, кино, БАҚ және онлайн-платформаларға қатысты.
Депутаттар атап өткендей, жаңа нормалар ЛГБТ қауымдастығына қатысты құқықтарға әсер етпейді, тек ақпаратты жария таратуға шектеу қояды.
Заң күшіне енуі үшін Сенат мақұлдауы және Президент қол қоюы қажет.
-

Діни басқарма ЛГБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады
Муфтият жариялаған видеода еліміздің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ЛГБТ-ның үклкен күнә әрі ата-баба жолына қайшы келетін жат түсінік екенін айтты.
«Мұсылмандар діни басқармасы өз тарапынан арнайы пәтуа шығарды және ЛГБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл әрине біздің ұлттық құндылығымзыға , салт-дәстүрімізге, ата-баба жолына қарсы дүние. Өкіншіке қарай, батыс елдерінде келіп жатқан қазіргі таңда, біздің елімізде де төбе көрсетіп жатқан бұл арсыздықтың алдын алуымыз қажет. Ата салтын берік ұстанған азамат ретінде әрине бұған біз қарсымыз. Өйткені бұл ашық арсыздық дүние, үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен», – Наурызбай қажы Тағанұлы.
-

Депутат ЛГБТ насихатына тыйым салуды ұсынды
Депутат Еділ Жаңбыршин мәжіліс жиналысында ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы сөз қозғады. Оның пікірінше, барлық ЛГБТ насихатшылары АҚШ-тың жаңа президенті қабылдаған заңға таңғалған.
«Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жын-ойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық», – деді депутат.
Сондай-ақ, депутат ЛГБТ насихатына қарсы заң нормаларын да әзірлеген, бірақ кейбір шенеуніктер: «батыс елінің демократиясын шектеп жатырсыңдар, адам құқығын таптап жатырсыңдар» сын айтып, наразылық білдіргенін және әлеуметтік желі мен БАҚ-та ақпараттық шабуылдар болғанын айтты.
«Бірақ бұл күресте жалғыз қалған жоқпыз. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, қоғам бізді қолдап петицияға 50 000 қол жинаған болатын», – деді Жаңбыршин.
Оның ойынша, бұндай насихатқа халық қарсы. Бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыру қажет.
-

Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Зайытов премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» № 31 Заңының 1-бабына сәйкес феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасының аумағында шектеу қоюды және ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуды талап етеміз, – деген Зайытов.
Депутат мұндай ұйымдардың өңірлерді аралап, кәмелетке толмағандар арасында насихат жұмыстарын ашық жүргізіп жатқанын айтады.
Алматының көшелерінде өрімдей жастарды жинап алып митинг өткізгенде де, мәжілістің 11 депутаты қол қойып, сауал жолдағанда да құқық қорғау органдары саусақ қозғалтқан жоқ, – дейді депутат.