Метка: лифт

  • Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

    Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

    Астанада 4 қараша күні Нұра ауданында, Сығанақ көшесі 32-үйде, лифт апаты болып, екі ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адамдардың бірі лифт ішінде қалып қойған, ал екіншісі оның бөліктерінің арасында қысылып, кейін шахтаға құлаған. Куәгерлер түсірген видеода ер адамның мас күйде болып, лифт есігін тепкеннен кейін құлағаны көрінеді.

    Құтқарушылар келген соң, 1994 жылы туған ер адамды лифттен шығарып, 1987 жылы туған ер адамды шахтадан көтеріп шығарды. Екеуі де медицина қызметкерлеріне тапсырылған.

    Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатқанын хабарлады.

  • Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған 5 жасар балақайдың жағдайы ауыр

    Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған 5 жасар балақайдың жағдайы ауыр

    Елордада жасөспірімнің пышақпен шабуылына ұшыраған 5 жасар балақайдың жағдайы ауыр.

    – Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде жасөспірімнің пышақпен шабуыл жасауы салдарынан бетінің жұмсақ тінінде көптеген тілік жарақатын алған 5 жастағы бала №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Бала тексеріліп, ота жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл пышақ жарақатын алумен байланысты. Отадан кейінгі баланың жағдайы жақсы, – деп басқармадан.

    Ведомствоның атап өтуінше, зардап шегушіге қажетті барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, мамандар кеңес өткізді.

    – Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

  • Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға салдарынан екінші жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

    Оқиға бойынша тұрғын үй кешенінің салынып жатқан объектілерінің бірінде «абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • Лифтке тарифті заңсыз көтерген 6 компания жазаланды

    Лифтке тарифті заңсыз көтерген 6 компания жазаланды

    Павлодарда лифтлерге   техникалық қызмет көрсетуге жауапты компаниялар жазаланды.  Олар өзара ымыраласып  тарифті көтерген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті қолдан қасақана қымбатшылық тудырған алты кәсіпорынды анықтап, олардың әрқайсысына 142 мың теңгеден айыппұл төлеттірді. Ал, тариф бұрынғы қалпында қалды.

     «Картельдік келісім болғанын анықтадықЛифттерді жөндейтін осы алты компания бір мезетте қызмет көрсету ақысын көтеріп жіберген. Біз тексердік. Баға көтеруге еш негіз жоқ екендігін дәлелдедік. Әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілік тартылды. Ешқайсысы бұл әрекетімізді теріс деген жоқ», — деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Бейбіт Молдабеков.