Метка: Лифтіде зардап шеккен бала

  • Лифтіде баланың бетін тілген жасөспірімнің анасына 78 640 теңге айыппұл салынды

    Лифтіде баланың бетін тілген жасөспірімнің анасына 78 640 теңге айыппұл салынды

    Жасөспірімнің анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын немесе мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) сәйкес жауапқа тартылды. Бұл бап бойынша айыппұлдың ең жоғары мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 78 640 теңге. Жасөспірім әлі де тергеуде, тергеу жалғасып жатыр.

    Айта кетейік, желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде бақылау камерасынан видео пайда болды. Онда бес жасар баланың бетін кескен жасөспірім түсіп қалған. Кадрларда жасөспірім лифт жабылуына жол бермей, қыздың кетуіне кедергі келтіргені көрінеді. Ол пышақты шығарып, балаға кеземек болады. Бірақ ол бірдеңеден сескеніп, пышақты тықпайды.

    Еске салайық, бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім лифт ішінде 5 жасар балаға шабуыл жасап, бірнеше пышақ жарақатын салған. Қылмыстан кейін жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткен.

    Зардап шеккен баланың анасы бірден көмек сұрап, дәрігер болып жұмыс істейтін көршісіне жүгінген. Көршісі – Астанадағы №1 қалалық аурухананың дәрігері, 13 жылдық тәжірибесі бар хирург-эндоскопист Жандос Ахнаев болып шықты. Дәрігер бұл қайғылы оқиға туралы жұбайынан білді. Екеуі де үйде болғанда бес жасар Жандостың анасы көмекке шақырған.

  • Астанада лифтіде зардап шеккен баланың анасы: «Балам қант диабетімен ауыратын еді»

    Астанада лифтіде зардап шеккен баланың анасы: «Балам қант диабетімен ауыратын еді»

    Астанада лифтіде зардап шеккен баланың анасы оқиғаның егжей-тегжейін айтып, кінәліні қатаң жазалауды өтінді, — деп хабарлады Tengrinews.kz сайты. 

    Зардап шеккен Батыр есімді бала дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Анасы баласын дүкенге картоп әкелуге жұмсаған екен.

    «Өзім кішкентай баламен үйде болдым. Терезеден қарап тұрдым, Батыр үйдің қоңырауын басты. Оған қол бұлғадым. Ал жасөспірім есіктің жанында тұрып, басқа қызға тиіскен екен. Батыр есікті ашқанда, онымен бірге кіреберіске, кейін лифтке жүгіріп кірген. Бұны видеодан көрсе болады», – дейді баланың анасы.

    Әйелдің қансыраған баласы үйге өзі жетіп, кіреберісте құлап қалған. Ол 1-қабаттан 4-қабатқа дейін қансыраған күйде жеткен.

    «Ол үйге кіріп, «мен өліп бара жатырмын, мені өлтірді» деді де жерге құлады. Оның бетінен қан атқылап жатты, бәрі қанға боялды. Шошып кеттім. Көршілерге қоңырау шалдым, ал олар дәрігерлерге хабарласты. Бақытымызға орай, көршіміз Жандос хирург еді, қан кеткенін тоқтатуға көмектесті, әйтпесе ұлым одан да көп қан жоғалтар еді. Содан кейін оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті», – дейді әйел.

    Батырдың анасы баласы басқа баламен күрекке таласып қалған болар деп ойлаған. Видеоны кейінірек көріпті. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, дәрігерлер ауруханада Батырдың бетін тіккен.

    «Ауруханада бізге жүйкесі мен артериясы зақымдалғанын айтты. Түнде оның жағдайы ауыр болды. Бізді кіргізбеді. Енді палатаға ауыстырды, есін жиды. Оның сол жақ беті жұмыс істемейді, беті ісінген, оған қоса қант диабеті диагнозы қойылған еді, 1-түрі, оның қашан қалпына келетінін білмеймін», – дейді Батырдың анасы.

    Әйел бұл жасөспірімді бұрын-соңды көрмегенін айтты. Зардап шеккен баланың анасы жасөспірімге ең қатаң жазаны талап етіп отыр.