Метка: Ливан

  • Ливаннан 41 адам Қазақстанға келді

    Ливаннан 41 адам Қазақстанға келді

    Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды, – делінген СІМ таратқан ақпаратта.

    Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

    Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.

  • Халид Машаль ХАМАС басшысы болды

    Халид Машаль ХАМАС басшысы болды

     Trend Ливандық БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл Израиль армиясы ХАМАС саяси бюросының басшысы Яхья Синварды өлтіргеннен кейін болған оқиға.

    Хабарларға қарағанда, Халид Машаль қозғалыстың уақытша басшысы қызметін атқарып, қазір кепілге алынғандарды босату жөніндегі келіссөздерге қатысқан негізгі тараптармен барлық байланыстарға жауапты.

    Айта кетейік, бұған дейін ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар мерт болғаны туралы жазған едік. Израиль шенеуніктері мен ЦАХАЛ ХАМАС көшбасшысының көзі жойылғаны туралы ақпаратты растады.

  • Израильдің шабуылынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты

    Израильдің шабуылынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты

    Ал жараланғандар мыңнан асып кеткен. Мұны осы елдің төтенше жағдайлар комитетінің үйлестірушісі Насер Ясин мәлімдеді.

    Израиль Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» қарулы тобының позицияларын қыркүйектің 23-де бомбалауға кірісіп, кейін көрші елге жаяу әскер кіргізді.

    Бұл операцияның мақсаты — еврей мемлекетінің солтүстігіне былтыр қазаннан бері мыңдаған зымыран атқан «Хезболланы» күйрету.

    Айта кетсек, «Хезболла» Израильмен соғысып жатқан «Хамасқа» көмектесу мақсатында қазір де Израильге ракеталық шабуыл жасап жатыр.

  • Ливанда әуежай маңында жарылыс болды

    Ливанда әуежай маңында жарылыс болды

    Ливан астанасы Бейруттың оңтүстігінде халықаралық әуежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. «Би-Би-Си»-дің мәлімдеуінше, Израиль армиясы Хезболланың нысандарына соққы берген. ЦАХАЛ бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен Израиль әскері мұның алдында Бейруттың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды көшуге үндеген еді. Бұл шабуылдардың көздегені — «Хезболла»ның марқұм экс-лидері Хасан Насыралланың інісі әрі мұрагері Хашим Сафи ад-Дин болуы мүмкін.

  • СІМ: Иран, Израиль, Ливандағы қазақстандықтар референдумда дауыс бермейді

    СІМ: Иран, Израиль, Ливандағы қазақстандықтар референдумда дауыс бермейді

    ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран, Израиль, Ливанда Қазақстанның елшілігі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлім етті. Аталған ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, осы үш елдегі күрделі ахуалға байланысты референдумның дауыс беру учаскелері жұмыс істемейді. Ондағы қазақстандықтар референдумға дауыс бермейді.

    «Соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті. Осыған байланысты Израиль, Иран және Ливандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеп жатыр. Осы елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс құрылды, олармен тұрақты байланыс бар. Елдегі жағдайға байланысты қажетті ұсыныстар беріледі. Қазақстанның елшіліктері әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету керектігін бірнеше рет жариялады», — деді Айбек Смадияров.

  • Елшіліктің ескертуі: «Ливаннан кете тұрған жөн»

    Елшіліктің ескертуі: «Ливаннан кете тұрған жөн»

    «Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға тағы да шақырамыз. Атап айтқанда жергілікті билік орындарының нұсқауларын мүлтіксіз орындап ел ішіндегі жүріс-тұрысты мейлінше азайтқан жөн

    Сонымен қатар Оңтүстік пен Бекаа жазығындағы азаматтарға ахуал оңалғанша салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне уақытша көшу және халықаралық рейстер барында Ливаннан кете тұру мәселелерін қарастыруға кеңес беріледі», – деп жазылған елшіліктің хабарламасында.

    Еске салсақ, өткен аптадан бері Ливандағы Хезболла ұйымы мен Израиль арасындағы қақтығыстар күшейді. 23 қыркүйекте Израиль әскерилері Хезболланың 1300 нысанына шабуыл жасап, 492 адам қаза тапты.

    БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш жағдайдың ушығып бара жатқанынан алаңдаушылық білдіріп, «Ливан тағы бір Газаға айналуы мүмкін» екенін айтты.

  • Ливанда жарылыс: 2800 адам жараланып, 9 адам қаза тапты

    Ливанда жарылыс: 2800 адам жараланып, 9 адам қаза тапты

    Ливанда «Хезболла» тобының байланыс құралы ретінде қолданылатын пейджерлер бір мезетте жарылып, 2800 адам жараланды. 9 адам қаза тапқан. Олардың біреуі — 8 жастағы қыз, қалғандары — қарулы топ мүшелері. Хезболла жарылған пейджерлер топтың бөлімшелері мен институттарының қызметкерлеріне тиесілі екенін және 8 жауынгерінің мерт болғанын растады. Бұған қоса, бұл оқиға қауіпсіздік күштерінің ең ірі сәтсіздігі екенін де мойындады. «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, пейджерлерге 10-20 грамм аралығында күшті жарылғыш зат салынған болуы мүмкін. «Хезболла» жарылысқа Израильді айыптап отыр. Ал соңғысы әзірге бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.