Метка: LRT құрылысы

  • Астана LRT-ның бұрынғы басшылары елорда әкімдігіне қымбат үйлері мен жерлерін қайтарып жатыр

    Астана LRT-ның бұрынғы басшылары елорда әкімдігіне қымбат үйлері мен жерлерін қайтарып жатыр

    Астана LRT-ның бұрынғы басшылары елорда әкімдігіне қымбат үйлері мен жерлерін қайтарып жатыр. Олар жалпы сомасы 920 млн теңгенің дүние-мүлкін қайтарды.

    Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып саналатын «City Transportation Systems» ЖШС-нің (бұрынғы «Astana LRT» компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындауларына талдау жүргізді.

    Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүліктерді берді, оның ішінде:

    • 39 тұрғын емес үй-жай;
    • ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып саналатын жер учаскесі.

    «Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңгені құрды. Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде», — делінген прокуратура хабарламасында.

  • Антикор LRT-ға жауаптыларды іздеуді тоқтатпайды

    Антикор LRT-ға жауаптыларды іздеуді тоқтатпайды

    Елордадағы LRT құрылысына жауапты тұлғаларды іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

    – Белгілі бір ақпарат пен ілгерілеу бар, бірақ іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, қазір БАҚ-пен бөлісуге болатын жаңартылған ақпарат жоқ. Жаңа мәліметтер пайда болған жағдайда хабарлаймыз, – деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

    Еске сала кетсек, «Астана LRT» бойынша іс сотқа 2020 жылы қазанда жолданды. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылы мамырда елордада салынбай қалған Astana LRT құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот үкімімен Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков 7 жылға сотталды. Сондай-ақ Бас прокуратура Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековті іздеу жұмысының тоқтамайтынын айтты. Жыл басында еліміздің Бас прокуратурасы Интерпол Талғат Арданның қайда екенін анықтамағанын хабарлады.