Метка: Lufthansa

  • Lufthansa әуе кемесі  Алматыда шұғыл қонды

    Lufthansa әуе кемесі Алматыда шұғыл қонды

    Мюнхеннен Пекинге бағыт алған Lufthansa әуе кемесі Алматы әуежайында шұғыл қонды. Ұшақта бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалды, деп хабарлайды Sona.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Экипаж дереу ұшақты Алматы әуежайына қондыруға шешім қабылдады және медициналық қызметкерлерді шақырды. Медициналық тексерістен кейін дәрігерлер жолаушының әуе кемесінде қайтыс болғанын растады.

    Барлық рәсімдер аяқталған соң ұшақты қайта толтырып, рейс Пекинге ұшуды жалғастырды.