Метка: Мәдениет және ақпарат министрі

  • Министр «Қазақфильм» жөнінде мәлімдеме жасады

    Министр «Қазақфильм» жөнінде мәлімдеме жасады

    Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді.

    Бірінші. «Қазақфильм» жерінің сатылуы жөніндегі ақпаратқа қатысты.

    «Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесет біржола тоқтатылуы тиіс. «Қазақфильмге» тиесілі жерлер киностудия иелігінде қала береді. Жер сатылған жоқ және тек кинематография мүддесі үшін пайдаланылуда», – дейді Балаева.

     Екінші. Киностудияны жөндеуге қомақты қаржы салуға дайын инвесторлардың бар екені жайлы.

    «Бұл ақпарат қоғамда кең тарап жүр, алайда мұндай мәлімдемелерді құжаттармен немесе нақты кепілдіктермен растай алмайтын адамдар жасап отыр. Мемлекет, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігі нақты инвесторлармен жұмыс істеуге дайын. Дегенмен әзірге ешқандай нақты ұсыныс, бірде-бір кепілдік хаты жоқ. Барлығы тек әңгіме деңгейінде», – деп түсіндірді министр.

    Үшінші. Киностудияны Астанаға көшіру туралы.

    «Бұл да ешқандай негізі жоқ қауесет. Қазіргі уақытта елордаға «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін көшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мұнда маңызды жайт – «Қазақанимация» өндірістік база емес, анимациялық контент жасауға тапсырыстарды бөлетін құрылым. Сондықтан оның Астанаға көшуі саланың жұмысына еш кедергі келтірмейді», – дейді Балаева.

    Министр кейінгі бес жылда елімізде сапалы анимациялық фильмдер түсірілмегенін атап өтті.

    «Осыған байланысты анимациялық индустрияны креативті индустриялар қорының аясында дамыту орынды болмақ. Қор құрылымында анимацияны дамытуға бағытталған креативті хаб жасақталуда», – дейді Аида Балаева.

     

  • Интернет кеңістігінде заңға қайшы контент екі есе өскен – Аида Балаева

    Интернет кеңістігінде заңға қайшы контент екі есе өскен – Аида Балаева

    Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желі қолданушыларынан ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұрады. Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазды.

    Балаеваның сөзінше, қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқылануда. Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады.

    «Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын. Әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұраймын.

    Миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, біздің министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін атап өткім келеді. Дегенмен, желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс», – деп жазды министр.

    Аида Балаеваның мәліметінше, татистикаға сүйенсек, 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Қазақстан интернет сегментінде анықталған заңға қайшы контент көлемі екі есе өсіп, 116 354 материалға жетті.

    Өткен жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылды.

    «Достар, кез келген мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты факторлар – ауызбіршілік пен ынтымақ. Сондықтан бәріміз Мемлекет басшысы атап өткендей, нағыз құқықтық мемлекет қалыптастырудың басты кілті саналатын заң мен тәртіп қағидатын берік ұстануымыз қажет», – деп қорытындылады Мәдениет және ақпарат министрі.

  • Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі жарияланды

    Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі жарияланды

    «Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады»,  деп жазылған құжатта.

    Сондай-ақ бейбіт жиыннан хабар тарататын журналистердің арнайы айырым белгілерін тағып жүруі керектігі айтылған. Ол белгілер:

    – Алдыңғы және артқы жағында «PRESS» деген жазуы бар ашық көк түсті кеудеше; 

    – Қанық сары түсті, ортасында «PRESS» деген жазуы бар жеңдегі таңғыш;

    – Ортасында «PRESS» деген жазуы бар көк түсті жапсырма.

    Бейбіт жиын өтіп жатқан елді мекеннің әкімдігі журналист жіберетін сұрау негізінде журналистерді Жедел баспасөз орталығын ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралы бейбіт жиналыс өткізілетін күннен бір күн бұрын журналистердің санын көрсете отырып, еркін нысанда сұрау жібереді.

    Жедел баспасөз орталығы лентамен қоршалып, электрмен жабдықталып, фото, бейнетүсірілім жасауға, сұхбат алуға жеткілікті жерден белгіленуі керек.

    Дегенмен, журналистер арнайы лентамен қоршалған Жедел баспасөз орталығының сыртында да жұмыс істей алатыны айтылған.

    Жергілікті әкімдіктер журналистерді Жедел баспасөз орталығына алып баруға, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен сұхбат ұйымдастыруға, қауіпсіздік шараларын түсіндіруге міндеттеледі.

  • Мәдениет және ақпарат министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

    Мәдениет және ақпарат министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

    «Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!», – деді Балаева.

    Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды. Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еріктілер қозғалысының белсендісі, қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуге пікір айтты.

  • «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

    «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

    Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

    Биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.

    Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.

    Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.

    – Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Ел Президенті жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді – бұл білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл мықты әрі табысты ұлттың негізі болатын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады, – деді министр.

    «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері ретінде үздік жобаларды ұсынған 30 жас қазақстандық таңдалды. Бұл жобалар мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар, бизнес салаларын қамтиды. Биыл байқауға жаңа «Волонтерлік» деп аталатын бағыт қосылды.

    – Бұл грант Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Сондықтан бүгінгі марапаттарыңыз – үлкен жауапкершілік. Ел Президентінің сенімін ақтайтындарыңызға шын жүректен сенемін. Әрдайым биіктерден көрініңіздер!, – деді Аида Балаева.

    Өз сөзінде министр жастарға егемендік пен елдікті нығайтудағы негізгі құндылықтар туралы айтты.

    – Президентіміз биылғы Ұлттық құрылтайда еліміз үшін маңызды бірнеше құндылықты атап өткен еді. Ол құндылықтар – Тәуелсіздік және отаншылдық, Бірлік пен ынтымақ, Әділдік және жауапкершілік, Заң мен тәртіп, Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен жаңашылдық. Мемлекет басшысы белгілеп берген нақты құндылықтарды ұстану – жастардың дамуына, қоғамдық сананың өзгеруіне оң ықпал етері анық, – деді министр.

    Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының әр жеңімпазына 3 млн теңге көлемінде жүлде берілді. Биыл конкурсқа 1284 өтінім түсіп, оның 897-еуі қабылданды.

    Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының 20 жеңімпазына «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, естелік статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

     

  • Аида Балаева: Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз

    Аида Балаева: Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз

    «Мен ақпараттық науқанды өте белсенді өтті деп сипаттаймын, өйткені атом электр станциясының жақтаушылары да, қарсыластары да бұл мәселеге қызығушылық танытып, өз ұстанымдарын түсіндіріп, дәлелдеді. Бәрі ашық түрде жүріп жатыр. Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз, онда әркім пікірі мен көзқарасын білдіре алады», – деді Аида Балаева БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

    Сондай-ақ, ведомство басшысы референдум Президент бастамашылық еткен реформалардың арқасында болып жатқан елдегі үлкен өзгерістердің жарқын айғағы екенін атап өтті.

    «Бүгінгі референдум –  бұл біздің еліміздегі Мемлекет басшысының реформаларымен тікелей байланысты үлкен әрі түбегейлі өзгерістердің дәлелі», –  деп толықтырды ол.