Метка: Марихуана

  • Жетісуда ірі есірткі қылмысы әшкереленді: 10 килограмнан астам марихуана тәркіленді

    Жетісуда ірі есірткі қылмысы әшкереленді: 10 килограмнан астам марихуана тәркіленді

    Жетісу облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі заттарын тасымалдаудың ірі арнасын тоқтатты.

    Сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласынан Жетісу облысына есірткі тасымалдаумен және сақтаумен айналысқан азамат анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы облысының Чималған ауылында 51 жастағы ер адам ұсталды.

    Кейіннен күдіктінің тұрғылықты жерінде, сондай-ақ Жамбыл облысы Меркі ауданындағы мал шаруашылығы қоймасында (фазендада) полиция қызметкерлері ерекше иісі бар, қарасораға ұқсас өсімдік тектес заттарды тапты және тәркіледі.

    Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Есірткі затының жалпы салмағы 10 килограмнан асты.

    Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда. Мамандардың бағалауынша, тәркіленген есірткі 10 мыңнан астам адамды тыйым салынған заттарды тұтынуға тартуы мүмкін еді.

    Полицияның жедел әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында қауіпті заттың таралуына жол берілмей, азаматтардың денсаулығы қорғалды.

    Еске салайық, заңнамаға сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, сату мақсатында жөнелту не өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Жаза мүлкін тәркілей отырып, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

  • Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді

    Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді

    Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады.

    Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді.

    Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

    – Мұндай арнайы іс-шаралар «Профилактика жылы» аясында есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жүйелі жұмысының бір бөлігі. Дер кезінде ден қоюға, қызметтер арасындағы белсенді өзара іс-қимылға және жедел ақпаратты тиімді пайдалануға баса назар аударылады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

  • Павлодар облысында ер адам қорасында 20 келі марихуана сақтаған

    Павлодар облысында ер адам қорасында 20 келі марихуана сақтаған

    Ертіс ауданында 24 жастағы тұрғын үйінің ауласындағы жертөледе марихуананы заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.

    Полиция 20 келіден астам есірткі затына толы бес қап пен бір чемоданды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

  • Қарасораны өсіріп, есірткі  сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды

    Қарасораны өсіріп, есірткі сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды

    Қарасораны өсіріп, есірткі сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды

    Алматы қаласы мен Алматы облысында есірткі заттарын сатқан, бір топ адам сотталды
    Бостандық ауданының прокуратурасы есірткілерді өндіріп, сатқан бір топ адамға қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.

    «X» азаматы 3 жыл бойы тұрғын үйінің ауласында қарасора бұталарын өсірген.

    Оның сыбайластары өсірілген марихуананы алып, оны орап, сатумен айналысқан.

    «Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушылардың мүлкілерін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды», — делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    «Қала прокуратурасы азаматтарды күмәнді табыс ұсыныстарына түспеуге шақырады», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.