Метка: Мәулен Әшімбаев

  • Сенат төрағасы: Әскерде мүгедек болып қалатындай ауыр жарақат алу – төтенше жағдай

    Сенат төрағасы: Әскерде мүгедек болып қалатындай ауыр жарақат алу – төтенше жағдай

    Бүгін Сенаттың жалпы отырысында резервтегі әскери қызмет туралы заңды қарау барысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан армиясындағы резервтегілердің құқықтарына және оларды әлеуметтік қорғау мәселелеріне назар аударды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың сөзіне қарағанда, егер резервтік әскери қызметтегілер жаттығулар кезінде жарақат алып, тіпті мүгедек болып қалса, оларға өтемақы мемлекетімізде бар нормалар бойынша төленеді. Ал, әскери қызметшілер, офицерлер осындай жағдайға тап болса, оларға төленетін төлемақы басқа жүйемен жүргізіледі.

    Сенат төрағасы осы мәселеге баса мән беріп, бұл бағытты әлі де пысықтау қажет екенін айтты.

    – Егер резервистер әскери жаттығулар, яғни 60 күннің немесе ай сайын баратын екі-үш күннің ішінде жарақат алса, оларға өтемақылар неге әскери қызметшілерге төленетін төлем деңгейімен берілмейді? Олар өз үйінде емес, жұмысында емес, сол әскери жаттығулар кезінде жарақат алса, логика қайда?! Сондықтан осы мәселені тағы да пысықтау керек. Заң қабылданып, әрі қарай іске асырыла бастағанда, болған жағдайлардың бәрін назарға алып, мұқият зерделеу қажет. Әрине, офицерлер ондай жағдайларға жеткізбеуге тиіс. Соған сенеміз. Өйткені әскерде мүгедек болып қалатындай ауыр жарақат алу – нағыз төтенше жағдай. Дегенмен өмір болған соң әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Сол себепті бәрін ескеруіміз керек. Өйткені бұл – әлеуметтік маңызы зор мәселе, – деді Мәулен Әшімбаев.

    Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап мақұлдады.

     

     

  • Димаш Құдайберген жаңа төсбелгіге ие болды

    Димаш Құдайберген жаңа төсбелгіге ие болды

    Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге Ізгі ниет елшісі төсбелгісін табыстады.

    Әшімбаевтың сөзінше, қазір Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның аясында Съездің дінаралық диалогты дамытуға және бейбітшілік пен келісім мәдениетін ілгерілетуге арналған идеяларын дәріптеу ісіне баса мән беріліп келеді.

    Сенат төрағасы былтыр әлемнің әртүрлі мемлекеттеріндегі белгілі қоғам және дін қайраткерлері Съездің Ізгі ниет елшілері болып сайланғанын еске салды.

    «Олардың қатарында талантымен дүние жүзіне танылған отандасымыз, әнші Димаш Құдайберген де бар. Осыған байланысты Димаш бауырымызбен арнайы кездесіп, оған Ізгі ниет елшісі белгісін ресми түрде табыс еттім. Осы орайда Димаш қазақтың ұлттық мәдениетін дәріптеумен қатар өнер арқылы бейбітшілік пен ізгілік идеяларын насихаттауға да үлкен үлес қосып келе жатқан дарын иесі екенін атап өткен жөн. Бұл маңызды миссия Съездің құндылықтарымен де үндесетіні белгілі»,  – деп жазды Сенат спикері әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта Димаш өнерімен және креативті жобаларымен бірлік пен келісімді халықаралық деңгейде ілгерілетуге өз үлесін қоса береді деп сенім білдірді. Сондай-ақ оған шығармашылық табыс тіледі.

  • Мәулен Әшімбаев: Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам

    Мәулен Әшімбаев: Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам

    «Бүгін өте маңызды күн, тарихи күн деп айтсақ та артық болмайтын шығар. Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам. Бүгін біз Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерде», – деді Мәулен Әшімбаев дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

    Сенат спикерінің айтуынша референдум елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара.

    «Осындай маңызды іс-шараларда халықтың пікірін естіп, ескеріп мемлекеттік органдар шешімдер қабылдайтын болса, біз барлық мақсатқа жетеміз. Қазақстанды дамыған демократиялық мемлекет ретінде қалыптастырамыз. Сол себепті бүгінгі референдумда қазақстандықтардың даусы маңызды. Сөйтіп бәріміз Қазақстанды демократиялы, әділетті мемлекет ретінде қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз», – дейді ол.