Метка: Мәйіт

  • Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды: Полиция тергеу бастады

    Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды: Полиция тергеу бастады

    Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында қайғылы жағдай орын алды. 2026 жылдың 15 сәуірінде таңғы сағат 06:00 шамасында қора ішінен тоғызыншы сыныпта оқитын екі жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sona.kz Криминальный Казахстан-ға сілтеме жасап.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, мектеп оқушылары өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, ал қайтыс болған балалардың туыстары мен ұстаздарынан жауап алынуда.

    Аталған дерек бойынша облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Ведомство өкілдері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл трагедия ауыл тұрғындары мен білім беру саласының мамандарын есеңгіретіп тастады.

    Тергеу барысында жасөспірімдердің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны, соның ішінде әлеуметтік желілердің немесе айналасындағы адамдардың әсері бар-жоғы мұқият тексерілетін болады.

  • Шымкенттегі сұмдық жағдай: бір кіреберісте төрт адам өлі күйінде табылды

    Шымкенттегі сұмдық жағдай: бір кіреберісте төрт адам өлі күйінде табылды

    Шымкент қаласының «Студенттер қалашығы» шағын ауданында жантүршігерлік оқиға орын алды. Бір подъездің үш түрлі пәтерінен төрт адамның мәйіті табылып, бұл жағдай қоғамды дүр сілкіндірді. Алдын ала болжам бойынша, адамдардың жаппай көз жұмуына газбен улану себеп болуы мүмкін.

    Пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың денесі табылса, екінші қабаттағы басқа пәтерден 23 жастағы жігіт өлі күйінде табылған. Сонымен қатар үшінші қабаттағы жалдамалы пәтердің ванна бөлмесінен үй иесі 20 жастағы студент қыздың мәйітін тапқан.

    Көршілердің айтуынша, бұған дейін подъезде газ иісі бірнеше рет сезілген, бірақ газ қызметі тарапынан ешқандай шара қолданылмаған.

    Полиция департаменті адам өліміне әкеп соққан сапасыз қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, қайғылы оқиғаның толық себептері мен мән-жайы анықталуда.

  • Қарағандыда төтенше жағдай: полиция пунктінен мәйіт табылды

    Қарағандыда төтенше жағдай: полиция пунктінен мәйіт табылды

    Қарағандыда полиция бекетінде болған оқиғаға қатысты тергеу басталды. Михайловка шағынауданындағы қызметтік ғимаратқа кірген аға учаскелік инспектор мәйітті және әріптесін — полиция майорын ес-түссіз күйде тапқан, деп хабарлайды Sona.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

    Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомство қызметкердің ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Дегенмен, әзірге ресми расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

    Аймақтық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов істің өз бақылауында екенін атап өтті.

  • Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматыда тауға кеткен 20 жастағы Алан қаза тапты. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД растады, — деп хабарлайды Sona.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

    Жігіт 27 шілдеде Медеуден Молодежный шыңына бет алған. Оның денесі 29 шілдеде табылды. Іздеу жұмыстарына 50-ден аса құтқарушы мен ерікті, дрондар мен техника, МЧС-тің тікұшағы тартылды.

    Құтқарушылар кеңесі
    * Тауға жалғыз шықпаңыз.
    * Маршрут пен қайта оралатын күнді туыстарыңызға айтыңыз.
    * Жылы және ашық түсті киім, азық, дәрі қобдишасы, термос, пауэрбанк міндетті.

  • Cот-медициналық сараптама үшін мәйіт «сойылмайтын» болды

    Cот-медициналық сараптама үшін мәйіт «сойылмайтын» болды

    Cот-медициналық сараптама шараларын дәстүр мен дінге сай ету үшін «виртуалды аутопсия» енгізілмек, бұл мәйітті компьютерлік томография көмегімен зерттеуге мүмкіндік береді.

    Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев үкімет отырысында айтты.

    «Сот-медициналық сараптама жұмысында қиындықтар туындап тұрады. Атап айтқанда діни көзқарасына байланысты көбі мәйітті сойып, оның ішкі ағзаларын зерттеуге қарсылық білдіреді. Мұндай жағдайда олар арыз жазып, оның өліміне не себеп болуы мүмкін екенін дәлелдеп, марқұмның денесін алып кетуге құқылы», – деді Сәрсенбаев.

    Министр сондай-ақ жақын арада Қазақстанда бірнеше сараптама түрлері автоматтандырылатынын айтып, бұл адам факторымен байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

    «Бұл сарапшының зерттеу барысында жасаған әрекеттерін қадағалауға, сондай-ақ зерттеу, әрекеттер мен әрекетсіздіктен туындаған ауытқуларды алдын ала ескертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зерттеулерді жүйе ішінде жүргізу және адам факторы «қателіктерін» болдырмау үшін арнайы функция қарастырылады», – деп түсіндірді ол.

  • Астанада көшеден 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

    Астанада көшеден 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

    Астанадағы Бейімбет Майлин көшесінің бойында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Марқұмның денесін көшедегі адамдар көрген.

    Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 20 жастағы бойжеткеннің кім екенін анықтады, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

     

  • Шымкентте үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

    Шымкентте үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

    Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Шетелдіктердің бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған.

    Оtyrar.kz жазғандай, марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған. Олар Әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.

    «Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады», делінген дереккөзде.

    Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.