Метка: мектептегі тамақ

  • Мектеп оқушыларына жылқы еті, жент пен қаймақ беріледі

    Мектеп оқушыларына жылқы еті, жент пен қаймақ беріледі

    Енді оқушыларға жылқы еті, жент пен қаймақ беріледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

    Сонымен қатар дастарханда қант пен тұздың мөлшері аз тағамдар тұру керек. Бұдан бөлек, балаларға хош иісті шай мен майлылығы аз сүт және йогурт ұсынылады.

    Салаттар қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, қырыққабаттан дайындалады және балалар салатты өздері таңдайтын болады. Ал ыстық тамақ жылқы, сиыр еті мен балықтан пісірілуге тиіс. Сонымен қатар алма, банан, құрма, ірімшік беріледі.

    Айта кетейік, жаңа мәзірді Денсаулық сақтау министрлігі нутрициолог мамандармен бірлесе отырып дайындаған. Жауапты ведомство мәліметінше, бүгінде бастамаға толықтырулар енгізіліп жатыр.

     

  • ДСМ мектепте тамақтанудың жаңа стандарттарын ұсынды

    ДСМ мектепте тамақтанудың жаңа стандарттарын ұсынды

    ДСМ мектепте тамақтанудың жаңа стандарттарын ұсынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім министрлігінің бірлесе отырып өткізген дөңгелек үстел барысында айтылды.

    Жаңа стандарт азық-түлік сатып алудан бастап, тамақ дайындауға және осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

    Оқушылардың диетасын энергия мен қоректік заттарды, сондай-ақ тұзды, қантты және қаныққан майларды тұтыну нормаларына сүйене отырып, тағамдардың пайдалылығы мен тағамдық құндылығын ескере отырып қайта қарау жоспарланып отыр, – делінген министрлік хабарламасында.

    ДСМ Қазақ тамағамтану академиясымен бірлесіп, ерекше диеталық қажеттіліктерді қоса алғанда, оқушылардың тамақтануын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі. Бұл қант диабеті, тағамдық аллергия, лактозаға төзбеушілік және басқа да ерекшеліктері бар балаларға қатысты.

    Айта кетсек, қазір Қазақстанда тегін мектеп тамағымен 1,7 млн оқушы қамтылған.

    Тамақтану стандартының жобасын талқылау үшін Білім министрлігінің базасында бейінді тамақтану мамандары мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.